26
май
2023
Бастауыш сыныбымен қоштасты
Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бір мұрат.
Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, - дегендей, бастауыш сыныппен қоштасу да қуанышты күн.
Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Бүгін біздің мектебіміздің 4 “б” сыныбының оқушылары өмірлеріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасты. Қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетті.