№ 3 Күршім гимназиясы - білімнің нәрі толған, шуағы шашылған кереметтей орда. » КГУ "Курчумская гимназия №3"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
"№3 Күршім гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 3-17-42
Есепші бөлімі:
+7(72339) 3-17-42
Версия для
слабовидящих
» » » № 3 Күршім гимназиясы - білімнің нәрі толған, шуағы шашылған кереметтей орда.
22
октябрь
2021

№ 3 Күршім гимназиясы - білімнің нәрі толған, шуағы шашылған кереметтей орда.

№ 3 Күршім гимназиясы - білімнің нәрі толған, шуағы шашылған кереметтей орда. Біздің мектептің әрбір оқушысы мен әрбір ұстазы - бір-біріне деген сүйіспеншілікпен өмір сүреді. Біздің мектепте 54 қырлы, 54 сырлы, әрбіреуінің көзінен шуақ шашыраған 54 мұғаліміміз бар. Олардың барлығы өмір ағымында, ұстаздық жолында көптеген жетістіктерге жеткен. Әрбіреуі баламен қалай сөйлесіп, тіл табысу керек екенін білетін, тәжиірбелі ұстаздар. Бүгін солардың бірнешеуі жайлы айтып кетсем деймін.

Ең алдымен - Мырзабаева Аяужан Нурлановна. Аяужан апай - өте білікті, жас та болса, тәжиірбесі мол ұстаз. Аяужан апай - бастауыш сынып мұғалімі. Осы күнге дейін оқушылармен керемет жұмыс жасап, бала тілі бал дегендей, бастауыш сынып оқушыларының тілін тез меңгеріп келе жатыр. Жетістіктері де мол. Атап айтсақ, 2018-2019 оқу жылында Бақытжан Арнұр есімді оқушысымен ғылыми жоба жарыстарына қатысып, аудандық, облыстық, республикалық кезеңдерінде 1 орын иегері атанған болатын. Сонымен қатар, биыл да үлкен жетістікке жетіп отыр. "Үздік педагог—2021" конкурсының облыстың кезеңінің жеңімпазы атанып, ШҚО әкімдігінің қаржылай сертификатына ие болып, мектебіміздің мерейін арттырды. Аяужан апайдың ұстаздық жолына табыс, мол жетістіктер тілейміз, алдағы уақытта да көптеген асулардан өтетініне сенімдіміз!

Тоқпаева Арайлым Кабиткановна - өз ісінің шебері, білімді ұстаз. Мектебіміздің ағылшын тілі ұстаздардың бірі. Ұстаздық жолында талай асулардан өтіп, жетістіктерге жетіп келе жатқанына 17 жыл болыпты. Арайлым апай - балаларға жүрегінің жылуын сыйлап, мөлдіреген көздерімен қарайтын мейірімді де, талапты ұстаз. Мектептің шараларына белсенді қатысады, одан бөлек те көптеген сайыстарға қатысып бағын сынап келуде. Мысалы, биыл Ұлттық Премия, Қазақстан ұстазы атты сайыстың облыстық кезеңіне қатысып, грант иегері атанып, үлкен жүлдені қолына алып отыр. Арайлым апайды шын жүректен құттықтаймыз, және де өмірде де, ұстаздық жолында да сәттілік болсын деп тілейміз!

Алдырбаева Светлана Александровна. Светлана апай - география, өзін-өзі тану пәндерінің мұғалімі. Өте байсалды, сабырлы әрі білікті ұстаз.
Балаларға үнемі жылы қабақ танытып, солардың тілімен сөйлесіп, серік болатын ұстаз.
Светлана апай - ылғи да күліп жүреді, жүзінен мейірім шашырап тұрады. Ол кісі көптеген жетістіктерге жетіп, мектебіміздің атын көпке танытуда. Атап айтатын болсақ, 2020-2021 оқу жылында Есболқызы Елданамен ғылыми жобаға қатысып, аудандық, облыстық кезеңдерінде жүлделі орын иегері атанды. Алдырбаева Светлана Александровна "Шығыс жастарының 100 жаңа есімі" кітабына енді. Оның оқушысы Тоқанова Динара жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жүлдегері атанып, өзін-өзі тану пәнінен 3 орынға ие болды. Одан бөлек, мектептің көптеген оқушыларымен жұмыс жасап, талай жетістіктерге жеткен. Света апайға табыс, ақ жол тілейміз!
Секишова Шынар Сериковна. Мектебеміздің бастауыш сынып мұғалімі. Шынар апайды көрген оқушылары - үнемі қуанып, жадырап жүреді. Шынар апай - қуатты, белсенді ұстаз. Баланың тілін түсінетін, мейірімді ұстаз. Ұстаздық жолмен жүріп келе жатқанына 12 жылдың көлемі болыпты. Осы уақыт ішінде біраз жетістіктерге жетіпті. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысының білім саласына зор үлесін қосқаны үшін марапатталған. Биыл қыркүйек айында берекелі елдігіміз бен бірлігіміздің нығаюына және өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Қазақстан үздік 100 мұғалім» қатарына енген. Шынар апайға ұстаздық жолында мол табыс пен сәттілік тілейміз.
Міне, біздің ұстаздар осындай, белсенді, білікті. Гимназиямыздың әрбір ұстазына бар жақсылықты тілейміз.
Авторы: Есболқызы Елдана

Похожие публикации:

30 август 2022 Тамыз кеңесі
04 октябрь 2019 Ұстаздар күні.