4 “б” сыныбы өрт сөндіру бөліміне барып, жалпы жұмыс барысымен
4 “б” сыныбы өрт сөндіру бөліміне барып, жалпы жұмыс барысымен танысып қайтты. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің шара барысында балаларды штаттан тыс жағдайларда дұрыс жүріс-тұрыс пен өрт қауіпсіздігі ережелеріне үйретті. Өрт сөндірушілер балаларға мектепте және тұрмыста өрт шыққан кездегі қауіпсіздік шаралары туралы айтып берді, 112 шұғыл қызметтердің бірыңғай шақыру нөмірі, 101 өрт сөндіру қызметінің нөмірі туралы айтты. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер өрт сөндіру қызметінің тарихына тоқталды.