1 қыркүйек Білім күні салтанатты жиыны » КГУ "Курчумская гимназия №3"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
"№3 Күршім гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 3-17-42
Есепші бөлімі:
+7(72339) 3-17-42
Версия для
слабовидящих
» » 1 қыркүйек Білім күні салтанатты жиыны
08
сентябрь
2022

1 қыркүйек Білім күні салтанатты жиыны

№3 Күршім гимназиясында 1 қыркүйек Білім күні салтанатты жиыны өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Жаңа Қазақстан жастары үшін маңызды үш басымдық – Терең білім, Еңбекқорлық және Отаншылдық қасиетті атап өтті. Білімді әрі білікті өрендер ғана биік мақсатқа жете алады. Елге тірек болу – әрбір жастың мұраты. Ел жастардан тың бастамалар және озық идеялар күтеді. Мектебіміздегі Алғашқы қоңырау мерекесінде осы жоғарыда айтылған Президентіміздің үш басымдығына басты назар аударылды.
Біздің білім ордамыздағы шараға ШҚО білім басқармасының Күршім ауданы бойынша Күршім аудандық білім бөлімінің басшысы Елеубаев Бауыржан Бақытжанұлы, мектептің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Кудакенова Ақмарал Зарлыққызы, зейнеткер ұстаз Альжапарова Шарипа Смағұлқызы арнайы қатысып, қонақ болды.
* Мемлекеттік туды алып шығу және гимнді орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібіне сәйкес жүргізілді.
* Ұстаздар мен оқушылар Республикалық деңгейде алған Алғыс хат, Дипломдарымен марапатталды.
* 1сынып бүлдіршіндері өз өнерлерін көрсетті
* 11 сынып оқушылары 1 сынып оқушыларына Әліппе табыс етті.
Салтанатты жиын соңында дәстүрге сай алғашқы қоңырау соғылды.

Похожие публикации:

01 декабрь 2023 Хореограф қажет!!!