Мектебімізде химия пәні мұғалімі болып еңбек еткен ардақты да
Мектебімізде химия пәні мұғалімі болып еңбек еткен ардақты да ұлағатты ұстаз Молдаханов Мұхаметбектің есімін химия кабинетіне салтанатты түрде беру рәсімі өтті. Француз ойшылы Жан Жак Руссоның «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» деген қанатты сөзі Молдаханов Мұхаметбек ағамыздың бар болмысын ашып тұрғандай. Ол ғұмырын осы киелі мамандыққа бағыттап, ұстаздықты өмірдің мәні мен мағынасы деп ұғына білген жан. Молдаханов Мұхаметбек 1934 жылы Күршім ауданының «Еңбек» ауылында