Мектептегі үйірме жұмыстарының есеп беру концерті
Мектептегі үйірме жұмыстары — сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры. Мектеп оқушыларының түрлі үйірмелерге қатысуы — алғыр, батыл, өзін көпшілік алдында еркін ұстай алатын, өз ой-пікірін анық жеткізе алатын, өзіне сенімді, осынау өзгермелі заман ағымына жеңіл бейімделе алатын, шығармашыл тұлғаны қалыптастыруда айырықша тиімді. Нақты жоспар бойынша жасалған жұмыстар қандайда болмасын еңбек түрін, жұмыс тәсілін үйретіп, оқушыларға терең меңгертіп қана қоймай, осы іске деген үлкен құрметпен қарауға