Кеш “Жақсы қыз ата-ана мақтанышы” » КГУ "Курчумская гимназия №3"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
"№3 Күршім гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 3-17-42
Есепші бөлімі:
+7(72339) 3-17-42
Версия для
слабовидящих
» » Кеш “Жақсы қыз ата-ана мақтанышы”
06
апрель
2023

Кеш “Жақсы қыз ата-ана мақтанышы”

Отан отбасынан басталады» -десекте , ал әрбір отанның ұйытқысы,берекесі болатын –әйел адам.Ұлттың адаспай , ұлт болып қалуы, ырғақтың дамуы, ел болашағы, ел ертеңі жастарға өзінің аналық махаббатын, мейрімі мен тәрбиесін беретін ол-Ана.
Бүгінгі үлбіреген жас қыздар міне осындай ел ұрпағын өсіретін, үлкен жауапкершілікті көтеретін болашақ –Ана. Қай ұлттың әйел затына бөлетін орнын қазақ қоғамында бөлінген орнымен салыстыруға келмейді.Қыз баланы кішкентайынан төрге шығарып отырған қазақ оның болашақтағы Ел анасы боларына кәміл сенген.
« Қыз өссе –елдің көркі» дегендей қыз баланың әр отбасына ерекше сән беріп отыратыны белгілі.Осындай әрбір қыз баланы ибалылық сақтауға баулу,адамгершілік,имандылық,эстетикалық тәрбие беру мақсатында мектебіміздің “Қыз Жібек” қыздар клубының кезекті пікір алмасу кеші өтті.
Кеш “Жақсы қыз ата-ана мақтанышы” атты тақырыпта өтті.
Пікір алмасу кешіне Күршім аудандық орталық ауруханасының акушеры Бақыт Советқызы, мектебіміздің көпбалалы, үлгілі аналары Кәмшат Ғаниқызы мен Индира Шакенқызы келіп арнайы қонақ болды.
Келген қонақтартарға сұрақтар қойылып,қыздар өз ойларымен бөлісті.Пікір алмасу өте тартымды,қызықты өтті. Қыздарымыздың ақылды,үлгілі,мейірімді,инабатты болуы алдымен ата-анасынан,екіншіден білім ордасынан басталады. Қыз балалар осындай қасиеттерді меңгеруге талпынуы керек.

Похожие публикации:

29 октябрь 2019 Психопрофилактика