Материалы за Апрель 2023 года » КГУ "Курчумская гимназия №3"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
"№3 Күршім гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 3-17-42
Есепші бөлімі:
+7(72339) 3-17-42
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Апрель 2023 года
“Ұл тәрбиесі -ұлт тәрбиесі” тақырыбындағы дөңгелек үстел.
28
апрель
2023
“Ұл тәрбиесі -ұлт тәрбиесі” тақырыбындағы дөңгелек үстел.
Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады. Қазақ отбасының ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Қазақ отбасындағы үлкенді құрметтеу әдеті жауапкершілік, адамгершілік сезімдерін туғызған. Дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ағаларына байланысты. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай
“Татулық-достық кілті”тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.
28
апрель
2023
“Татулық-достық кілті”тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.
8 “б” сыныбында “Татулық-достық кілті”тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «достық» ұғымының маңыздылығын түсіндіру. Өткізген: Сынып жетекші Чакенова Айгерім
Мектебіміздің 6 сынып оқушылары “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында сурет салды.
28
апрель
2023
Мектебіміздің 6 сынып оқушылары “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ"
Мектебіміздің 6 сынып оқушылары “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында сурет салды. 6 сынып білім алушылары жемқорлық індет екенін,еліміздің ұлттық мүддесіне қауіп төндіретінін сурет арқылы көрсетті. #Жемқорлыққажолжоқ 
8 сынып оқушылары Дәулетбаева Асылжан мен Қазтай Айымның ұйымдастыруымен мектеп кітапханасында “Квест” ойыны өтті.
28
апрель
2023
8 сынып оқушылары Дәулетбаева Асылжан мен Қазтай Айымның
8 сынып оқушылары Дәулетбаева Асылжан мен Қазтай Айымның ұйымдастыруымен мектеп кітапханасында “Квест” ойыны өтті. Ойынға 8 сыныптардан құралған екі команда қатысты. Ойынның тапсырмалары Қасым Қайсеновтің “Жау тылындағы бала” және Бауыржан Момышұлының “Ұшқан ұя” шығармаларының негізінде құралған. Ойын қатысушыларды жаңа және қызықты кітаптармен таныстырып қана қоймай, есте сақтау, назар аудару, зейінділік, логикалық ойлау икемділіктерін дамытуға да мүмкіндік берді. Ойын тапсырмалары
Мектебімізде химия пәні мұғалімі болып еңбек еткен ардақты да ұлағатты ұстаз Молдаханов Мұхаметбектің есімін химия кабинетіне салтанатты түрде беру рәсімі өтті.
28
апрель
2023
Мектебімізде химия пәні мұғалімі болып еңбек еткен ардақты да
Мектебімізде химия пәні мұғалімі болып еңбек еткен ардақты да ұлағатты ұстаз Молдаханов Мұхаметбектің есімін химия кабинетіне салтанатты түрде беру рәсімі өтті. Француз ойшылы Жан Жак Руссоның «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» деген қанатты сөзі Молдаханов Мұхаметбек ағамыздың бар болмысын ашып тұрғандай. Ол ғұмырын осы киелі мамандыққа бағыттап, ұстаздықты өмірдің мәні мен мағынасы деп ұғына білген жан. Молдаханов Мұхаметбек 1934 жылы Күршім ауданының «Еңбек» ауылында
7 сынып оқушыларына экологиялық ластану туралы тәрбие сағаты өтті.
28
апрель
2023
7 сынып оқушыларына экологиялық ластану туралы тәрбие сағаты өтті.
7 сынып оқушыларына экологиялық ластану туралы тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру; Қоршаған ортаның сапасы және ластануы туралы, сыртқы ортаның барлық факторларының бір-біріне байланыстылығы, оның ішінде адам және табиғат байланыстылығын білуге үйрету; Табиғатты қорғай алатын адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу. Өткізген : Н.Смагулова
“Үздік оқырман” сайысы
28
апрель
2023
“Үздік оқырман” сайысы
Кітапханашы А.Тантакованың ұйымдастыруымен 6-8 сыныптардың арасында “Үздік оқырман” сайысы өтті. Мақсаты: ұлттық сана- сезімі жоғары, рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол,еңбекқор ұрпақты кітап оқу арқылы тәрбиелеу.Кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу. ХХІ ғасыр- білім, ғылымның ғасыры.Еліміздің Еуразия жүрегіндегі Жаңа Қазақстанды өркендетудің 2030 жылға дейінгі бағдарламасына талабы таудай, қабілетті, ізденімпаз жастар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой
“Жаңа Қазақстан-таза табиғат” экологиялық акциясы өтті.
27
апрель
2023
“Жаңа Қазақстан-таза табиғат” экологиялық акциясы өтті.
Жаратылыстану кафедрасының ұйымдастыруымен “Жаңа Қазақстан-таза табиғат” экологиялық акциясы өтті. Акцияға мектебіміздің 5 сынып оқушылары белсене қатысты . Бұл акциялар қоршаған ортаны және жануарлар әлемін, сондай-ақ жалпы табиғатты жаңғырту үшін өте қажет.
АПБ ЖПҚБ КТІ ж УПИ полиция лейтенанты А.Айдарханов мектеп оқушыларына кезекті тақырыптық кездесу өткізді.
24
апрель
2023
АПБ ЖПҚБ КТІ ж УПИ полиция лейтенанты А.Айдарханов мектеп оқушыларына
АПБ ЖПҚБ КТІ ж УПИ полиция лейтенанты А.Айдарханов мектеп оқушыларына кезекті тақырыптық кездесу өткізді. Мектеп оқушыларымен кездесу кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өткізілді. Инспектор қылмыстың құрбаны болмау үшін не істеу керектігін еске салды. Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі, сондай-ақ оқушылардың өз бетінше пайдаланатын жеке заттарының (ұялы телефондар, ақша және т.б.) сақталуы үшін жауапкершілігі мәселелері
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» тарихи оқиғасына 300 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.
21
апрель
2023
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» тарихи оқиғасына 300 жыл толуына
Мектебіміздің кітапханасында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» тарихи оқиғасына 300 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. 1723-1727 жылдар қазақ халқының жадында тарихтағы қиын кезеңдердің бірі ретінде қалды. 1722 жылы ойраттармен ұзақ уақыт соғысқан цин боғдыханы Канси қайтыс болғаннан кейін Қытаймен шекарада біраз орнаған тыныштық Цеван-Рабтанның Қазақстанға жаңа күшті соққы беруіне мүмкіндік берді. Осылайша 1723 жылдың көктемінде жоспарланған жаулап алу жорығы қазақ халқының
Мектебіміздің жылдық жоспарына сай жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
14
апрель
2023
Мектебіміздің жылдық жоспарына сай жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Мектебіміздің жылдық жоспарына сай жалпы ата-аналар жиналысы өтті.  Жалпы ата-аналар жиналысына 1-11 сынып оқушыларының ата-аналары қатысты.  Күн тәртібіне сәйкес ата-аналарға  📌Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ.О. Қазретова оқушылардың үлгерім және білім сапасы туралы есеп берді. 📌Күршім АПБ ЖПҚБ КТІ ж УПИ полиция лейтенанты А.С.Айдарханов мектеп оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтың және интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша ақпарат берді. 📌Мектеп психологы Н.К.Смагулова “Жаңа
“Балалар әлемі” 2022
12
апрель
2023
“Балалар әлемі” 2022
ШҚО білім басқармасының мемлекеттік органдарының қызметін жабдықтау бойынша өңірлік медиа-жоспарына сәйкес “Балалар әлемі” 2022 республикалық оқырмандар байқауының жеңімпазы N3 Күршім гимназиясының 10 сынып оқушысы Есманова Жанерке О.Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханасында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп ,сұхбат берді. Жанерке кездесу барысында республикалық конкурста алған әсерімен бөлісті.
“Биле, биле 2023” сайысы
12
апрель
2023
“Биле, биле 2023” сайысы
Бүгін аудандық бишілер арасында “Биле, биле 2023” сайысында мектебіміздің жарық жұлдызы Мұқанова Аяулым жеке орындауда 1 орынға ие болды. Ал топтық биден 6 сыныптың мың бұралған биші қыздары 3 орынға ие болды. Жетістікке жеткен оқушыларымызды құттықтаймыз! Талаптарыңа нұр жаусын !
2023 жылғы 12 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 12.00-де республиканың барлық мектептерінде Шахмат челленджі өтті.
12
апрель
2023
2023 жылғы 12 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 12.00-де
2023 жылғы 12 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 12.00-де республиканың барлық мектептерінде Шахмат челленджі өтті. Челленджге біздің мектеп белсене қатысты. Шахмат челленджі республикада алғаш рет өткізіліп отыр және республиканың мәдени өміріндегі бірегей оқиға болып табылады. Челлендждің мақсаты – шахмат арқылы балалардың зияткерлік және ақыл-ой қабілеттерін дамыту. Челлендждің міндеттері: - оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ақыл-ой белсенділігін арттыру, логикалық ойлау, есте сақтау,
Құрметті ата-аналар! Мектепке қабылдау құжаттар тізімі
10
апрель
2023
Құрметті ата-аналар! Мектепке қабылдау құжаттар тізімі
Құрметті ата-аналар! Мемлекеттік тілде оқытылатын 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау: 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап жүргізіледі. Қабылдау уақыты: 08.00-ден 18.00-ге дейін. Түскі ас уақыты: 12:00-ден 14:00-ға дейін. Гимназияға конкурс арқылы қабылданады.  Балаларды мектепке қабылдау үшін қажетті құжаттар:   1 сынып: 1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш; 2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; 3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (026/у-3 нысаны,063/е нысаны); 4) 3x4
12 сәуір - ғарышкерлер күні
10
апрель
2023
12 сәуір - ғарышкерлер күні
Бұл мереке - ғарыш саласында қызмет етіп жүргендер мен ғылымның жаңа деңгейге көтерілген күні. Алғаш рет 1962 жылдың 9 сәуірінде КСРО жоғарғы кеңес президиумының өкімімен белгілі бір республикаларда ғана аталып өтіп жүрді. Кейін 1968 жылы халықаралық авиация федерациясының конференциясында айтулы күнді әлемдік дәрежеде атап өту туралы шешім қабылданды. Осы атаулы күнге орай мектебімізде “Ғажайып ғарыш” тақырыбында қолөнер көрмесі өтті.
Көшет отырғызу акциясы
07
апрель
2023
Көшет отырғызу акциясы
Жер тоңы жібіп, алғашқы көк дүркіреп шыға бастаған кезде шыбық қадап, тал отырғызу – сауапты іс. Өйткені, жерге шаншылған әрбір тал күтімі жақсы болса, күні ертең жапырағы дараққа айналып, жазда сая, қыста қамсау болады. Әрі экологиялық ахуалды жақсартып, қоңыржай климат қалыптастыруға әсерін тигізеді. «Бұтақ жайған ағаш қартаймайды, ұрпақ жайған адам қартаймайды» дейді. Соңғы кездері тал егу дәстүрі еліміздің түкпір-түкпірінде қолға алынып, тиянақты мән берілуде. Мұның өзі қоғамға пайдасы зор
Кеш “Жақсы қыз ата-ана мақтанышы”
06
апрель
2023
Кеш “Жақсы қыз ата-ана мақтанышы”
Отан отбасынан басталады» -десекте , ал әрбір отанның ұйытқысы,берекесі болатын –әйел адам.Ұлттың адаспай , ұлт болып қалуы, ырғақтың дамуы, ел болашағы, ел ертеңі жастарға өзінің аналық махаббатын, мейрімі мен тәрбиесін беретін ол-Ана. Бүгінгі үлбіреген жас қыздар міне осындай ел ұрпағын өсіретін, үлкен жауапкершілікті көтеретін болашақ –Ана. Қай ұлттың әйел затына бөлетін орнын қазақ қоғамында бөлінген орнымен салыстыруға келмейді.Қыз баланы кішкентайынан төрге шығарып отырған қазақ оның
Мектебімізге қызметтік іссапармен “Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы” ММ басшысы Чернышёва Инесса Александровна келді.
05
апрель
2023
Мектебімізге қызметтік іссапармен “Шығыс Қазақстан облысының білім
Мектебімізге қызметтік іссапармен “Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы” ММ басшысы Чернышёва Инесса Александровна келді.
6 сынып оқушыларына “Арал тағдыры – адам тағдыры” тақырыбында сабақ өткізілді.
03
апрель
2023
6 сынып оқушыларына “Арал тағдыры – адам тағдыры” тақырыбында сабақ
6 сынып оқушыларына “Арал тағдыры – адам тағдыры” тақырыбында сабақ өткізілді. Мақсаты: оқушылардың Арал теңізі туралы білімдерін молайту, табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру; туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру; табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары ұрпақ тәрбиелеу. Өткізген: География пәні мұғалімі С.А.Алдырбаева