«Балдырған» бастауыш сынып оқушыларына арналған облыстық олимпиада » КГУ "Курчумская гимназия №3"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
"№3 Күршім гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 3-17-42
Есепші бөлімі:
+7(72339) 3-17-42
Версия для
слабовидящих
» » «Балдырған» бастауыш сынып оқушыларына арналған облыстық олимпиада
13
апрель
2019

«Балдырған» бастауыш сынып оқушыларына арналған облыстық олимпиада

2019 жылдың 13 сәуірінде  Шығыс Қазақстан  өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталағымен облыстың 3-4 сынып оқушыларының арасында

«Балдырған» бастауыш сынып оқушыларына арналған облыстық олимпиада

 

«Балдырған» бастауыш сынып оқушыларына арналған облыстық олимпиада өткізілді.


Олимпиаданың мақсаты - ғылыми білімді насихаттау, оқушылардың интеллектуалды деңгейін көтеру, дарынды балаларды анықтау және дамыту үшін қажетті жағдайларды жасау, табысқа жету үшін ынталандыру.

Олимпиада төмендегі  пәндер бойынша өткізілді:

Қазақ тілі мен әдебиеті;

Орыс тілі мен әдебиеті;

Орыс мектептеріндегі қазақ тілі;

Қазақ мектептеріндегі орыс тілі;

Ағылшын тілі;

Дүниетану;

Математика;

Көркем еңбек (Бейнелеу өнері). Олимпиада аясында қатысушылар үшін мәдени және ойын-сауық бағдарламалары, квесттер, мультфильмдерді тамашалауіс шаралары ұйымдастырылды. Әрбір қатысушы өзінің сүйікті мультфильм кейіпкерлерінен қуыршақтарымен суретке түсу мүмкіндігіне ие болды.

Жас жүлдегерлер мен жеңімпаздар I, II дәрежелі дипломдар және  бағалы сыйлықтармен марапатталды.  І  дәрежелі дипломдармен 4 қатысушы,  ІІ дәрежелі  дипломмен – 1 оқушы марапатталды. Атап айтсақ, 3 а сынып оқушысы Арманқызы Аруна орыс тілі пәнінен І орын, 3 б сынып оқушылары Бақытжан Арнур математика пәнінен Іорын, Сәкенбекұлы Азамат дүниетану пәнінен І орын, 3в сынып оқушысы Сабиолло Жансая қазақ тілі пәнінен І орын және бейнелеу пәнінен Дулатқызы Еңлік ІІ орынға иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың мұғалімдері мен ата-аналарын жетістіктерімен құттықтаймыз!

Сәттілік және жоғары жетістіктер тілейміз!

Похожие публикации:

30 август 2022 Тамыз кеңесі 2022