«Мұхтар Әуезовтың мұрасы – Парасаттылық бастауы»
№ 3 Күршім гимназиясында 7 сынып оқушыларымен «Мұхтар Әуезовтың мұрасы – Парасаттылық бастауы» тақырыбында адалдық сағаты өтті. Кезекті «Адалдық сағаты» ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің жас ұрпаққа парасаттылық пен ізгілік туралы айтқан кемелді ойларына арналды. «Адалдық сағатының» басты мақсаты – Мұхтар Әуезовтің шығармашлығы арқылы жақсы біліммен қатар әділеттілік, парасаттылық және сенім құндылықтарының маңызын түсіндіру. Күршім аудандық білім бөлімі. Әдіскер: Джакуперова Айзада