14
июнь
2022
Дарынды оқушылармен 2021-2022 оқу жылында атқарылған жұмыс есебі.

««Кеше мен бүгін-біздің амалдарымыз, болашақ біздің мақсатымыз»» десек, әр мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. 1-7 сынып оқушылары арасында өткен «Зерде» ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңіне 12 оқушы қатысып соның 10-ы жүлделі орынға ие болды. Атап айтсам Тоқпаева Арай, Темірбекқызы Мадина, Рафикова Нургуль, Игибаева Меруерт апайдың оқушылары жүлделі 3-орынға ие болса, Аяужан Нұрлановнаның бастауыш сыныптан бері дарындылығын шыңдап келген 6 сыныптағы оқушысы Назымбек Айзере, Меруерт Кеңесбекқызының 4-сынып оқушысы Сейітқан Айзере, Ақмарал Еркінқызының 7-сынып оқушысы Атымтай София және Мурат Серікұлының «Нашар көретін адамдардың мәселесі» шешуге арналған құрылғысын жобалаған 5-сынып оқушысы Құрметқызы Кәусар І жүлделі орын иеленді. Сонымен қатар облыстық кезеңнен І орын жеңіп алған Чайзатов М.С оқушысы Құрметқызы Кәусарды республикалық кезеңге қатысып төртінші орынға ие болды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңіне гимназиямыздан екі жоба ұсынылып екеуі де жүлделі орындарға ие болды. Биылғы жылы алғаш рет 8-11 сынып оқушылар арасында өтетін конкурсқа да оқушы дайындаған Тоқпаева Арай Кабитканқызының оқушысы Адаева Шырайлым 3- орындарға ие болды. Ал екінші жоба жетекшісі Мурат Серікұлының оқушылары Нурмухамбетова Наргиз бен Құмалхан Айғаным «Жасыл энергия-болашақ энергиясы» атты тақырыппен жел арқылы энергия алатын құрылғыны презентациялап, екінші орынға ие болды.
Лингвистикадан республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне 5 оқушымыз қатысып екі оқушы Адаева Шырайлым жетекшісі Тоқпаева А.К, Алтай Алишер жетекшісі Алакаева А.М обл кезеңге өтіп екеуі де жүлделі ІІІ орынмен оралды.
5-6 сынып оқушылары арасында өтетін аудандық пәндік олимпиадасынан 10 оқушымыз жүлделі орындарға ие болса, облыстық кезеңге өткен 5 оқушымыз түгелдей ІІ орындарға ие болды. Атап айтсам, Нұрсолтан Дильназ жетекшісі Карсыбаева А, Дюсюпжанов Нұрқадыр жетекшісі Оспанова Р, Камзанова Жанель жетекшісі Камзанова А, Жайлаубай Жарқын жетекшісі Нурсейтова А, Назымбек Айзере жетекшісі Елеубаева С .
Облыстық Абайтану олимпиадасына 10 сынып оқушысы Сәуле Тоқтаргалиқызының шәкірті Ратханқызы Мейрамгуль 3 орынды жеңіп алды.
9-11 сынып арасындағы Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне 20 оқушымыз қатысып, 9 оқушы жүлделі орындарға ие болып, 3 оқушымыз обл кезеңге өтіп үшеуі де жеңіске жетті. Атап айтсам, Замзина Наргиз ағылшын тілінен 3 орын, жетекшісі Кустубаева Р.С, Тлейбек Айша өзін-өзі тану пәнінен 3 орын жетекшісі Рафикова Н.Р, Есманова Жанерке қазақ тілі пәнінен 1 орын жетекшісі Кайрамбаева С.Т.
Есманова Жанерке Қ. Бітібаева ат. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінен 1 орынды иеленді.Жетекшісі Сауле Токтаргалиқызы.
7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану пәндерден юниорлық олимпиаданың аудандық кезеңінде 5 оқушымыз жүлделі болып, Эрикова Риза химия пәнінен облыстық кезеңінде 3 орынды алып қайтты. Жетекшісі Кизатова-Шабанова А.
Ұшқыр ой алаңы оқушылардың республикалық дебаттық турнирінің барлық айналымдарынан сүрінбей өтіп, облыстық кезеңде 3 орын иеленген Есболқызы Елдана мен Назымбек Жаннур, мектебіміздің мерейін арттыра түскен дебат спикерлерін дайындап жетістікке дейін жетелеген Мадина Сайранқызының еңбегі ерекше атауға тұрарлық.
Айналайын облыстық интеллектуалдық конкурсына(қазақ тілі) 2-10 сынып оқушылары қатысып нәтижесінде 86 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Асыл тас облыстық зияткерлік марафонынан 62 оқушымыз жүлделі орындарға, ал Ақбота республикалық олимпиадасынан 53 оқушымыз жүлделі орын иеленді. Малахит облыстық интеллектуалдық конкурсына 1-11 сынып оқушылары қатысып нәтижесінде 60 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Тұлпар облыстық интеллектуалдық конкурсына 1-9 сынып оқушылары қатысып нәтижесінде 87 оқушы жүлделі орындарға ие болды.Балапан облыстық зияткерлік конкурсына 3 даярлық сынып оқушымыз қатысып жүлделі, үшеуі де жүлделі орындарға ие болды.Республикалық Кенгуру-математика барлығы үшін ойын-конкурсына екі оқушымыз жүлделі болды: 3 сынып оқушысы Зейнолла Айсұлу-3 орын, Манапов Алихан 2 орын. Сонымен қатар Халықаралық Пони конкурсынан 22 оқушымыз жүлделі болды.Республикалық Бастау кешенді олимпидасына 6 оқушымыз қазақ тіліне және орыс тілінен жүлделі орындар иеленді.
Алғаш рет даярлық тәрбиеленушілернің арасында өткен облыстық «Білім жолы» зияткерлік марафонына Ашимова Малика,Айтжан Нұршуақ,Базарбекова Айым,Бауржанова Айханым,Жұмағазы Медина,Тілекқызы Айзере қатысып кубок дипломмен марапатталып қайтты. Жетекшілері: Секишова Ш, Акиева А.
Жоғарыда аталған оқушыларды және оларды дайындаған ұстаздарды бұл жеңістерімен құттықтай келе, мектебіміздің, еліміздің кемел болашағы үшін еңбек еткендеріңіз үшін алғыс білдіреміз!