05
май
2020
Ұстаз – ұлы есім
Ұстаз – ұлы есім» деп ардақтаған ата-бабамыз шәкіртін білімнің бал бұлағымен сусындатқан ұстаз еңбегін. Қазіргі кезде елімізде мектеп мұғалімдерінің әлеуеті мен мәртебесін көтеруге, ұстаздардың кәсіби қабілеттерін шыңдауға бағытталған түрлі шаралар өткізілуде. Мектепішілік кезеңнен басталып, республикалық деңгейге жететін «Үздік педагог» байқауы – соның жарқын көрінісі. №3 Күршім гимназиясы қабырғасында еңбек етуші ұстаздар да бұл сайыстан тыс қалмады. Мектепішілік байқауға өтінім берген ұстаздар байқау шартына сай рәсімделген портфолиосын ұсынды. Нәтижесінде гимназиямыздың педагог-зерттеуші біліктілік санатындағы бастауыш сынып мұғалімі Аяужан Нұрланқызы Мырзабаеваның портфолиосы үздік деп танылып, аудандық «Үздік педагог-2020» байқауына жолданды. Аяужан Нұрланқызына аудандық кезеңде сәттілік тілейміз! Құттықтаймыз!