09
май
2022
Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен облыстық олимпиада жеңімпазы Есманова Жанерке
22.04.2022ж Өскемен қаласында Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен облыстық олимпиада өткізілді. Олимпиада КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі, Н.К. Крупская медалінің иегері Қанипа Бітібаева Омарғалиқызы Бітібаеваны еске алуға арналған.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдерін тереңдетіп оқып жүрген 9-11 сынып оқушылары бақтарын сынады. Аталмыш олимпиаданың облыстық кезеңіне өткен 9- сынып оқушысы Есманова Жанерке қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталып, Республикаға жолдама алды. Жанерке сонымен қатар, қазақ тілі мен әдебиет пәнінен жуық арадағы пәндік республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде І орынға ие болды, осы және басқа да көптеген жетістіктерге жетелеп келген ұлағатты ұстаз Сәуле Тоқтарғалиқызына алғысымыз шексіз.