Мектебімізде химия пәні мұғалімі болып еңбек еткен ардақты да ұлағатты ұстаз Молдаханов Мұхаметбектің есімін химия кабинетіне салтанатты түрде беру рәсімі өтті. » КГУ "Курчумская гимназия №3"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
"№3 Күршім гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 3-17-42
Есепші бөлімі:
+7(72339) 3-17-42
Версия для
слабовидящих
» » Мектебімізде химия пәні мұғалімі болып еңбек еткен ардақты да ұлағатты ұстаз Молдаханов Мұхаметбектің есімін химия кабинетіне салтанатты түрде беру рәсімі өтті.
28
апрель
2023

Мектебімізде химия пәні мұғалімі болып еңбек еткен ардақты да ұлағатты ұстаз Молдаханов Мұхаметбектің есімін химия кабинетіне салтанатты түрде беру рәсімі өтті.

Мектебімізде химия пәні мұғалімі болып еңбек еткен ардақты да ұлағатты ұстаз Молдаханов Мұхаметбектің есімін химия кабинетіне салтанатты түрде беру рәсімі өтті.
Француз ойшылы Жан Жак Руссоның «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» деген қанатты сөзі Молдаханов Мұхаметбек ағамыздың бар болмысын ашып тұрғандай. Ол ғұмырын осы киелі мамандыққа бағыттап, ұстаздықты өмірдің мәні мен мағынасы деп ұғына білген жан.
Молдаханов Мұхаметбек 1934 жылы Күршім ауданының «Еңбек» ауылында дүниеге келген.
1952 жылы мектепті аяқтаған соң, Қазақ Педагогикалық институтының химия-биология факультетіне оқуға түсіп, 1957 жылы бітірген. Сол жылы Күршім ауылына химия пәні мұғалімі болып жіберілген. 1996 жылы зейнетке шыққанша ұстаз болып қызмет атқарған.
Молдаханов Мұхаметбек ұстаздық қызметпен қатар ауданның қоғамдық-саяси өміріне де белсене араласқан. Және де ақындыққа да жақындығы болған.
Мұхаметбек ұстаз «Еңбек ері», «Ұлы Отан соғысына 70 жыл», «Ұлы Отан соғысына 75 жыл» медальдарымен марапатталған.
Салтанатты шараға ұстаздың шәкірттері Құсманов Мейрхан Мұхтарұлы, Тоқтыбаев Дәулетхан Қалиханұлы, ұлы Ерахмет Мұхаметбекұлы, мектептің Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Шарипа Смағұлқызы және мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Шәкірттері ұстаздарын еске алып, осы кабинетке есімі беріліп жатқаныңа қуанышты екендерін айтып, мектеп ұжымына алғыстарын айтты.
Ұстаздың есімі берілген кабинетте білім, тәлім алып шыққан әрбір оқушы бойына бекзаттық пен ілім жиған тұлға болып шығарына сенеміз.

Похожие публикации:

02 декабрь 2019 Мектеп тарихы
20 ноябрь 2019 Мектеп паспорты