«Оқуға құштар мектеп,оқуға құштар ұлт» » КГУ "Курчумская гимназия №3"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
"№3 Күршім гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 3-17-42
Есепші бөлімі:
+7(72339) 3-17-42
Версия для
слабовидящих
» » «Оқуға құштар мектеп,оқуға құштар ұлт»
19
ноябрь
2021

«Оқуға құштар мектеп,оқуға құштар ұлт»

«Оқуға құштар мектеп,оқуға құштар ұлт» жобасы аясында № 3 Күршім гимназиясы кітапханасында кітапханашы Тантақова Айсұлудың ұйымдастыруымен «Кітап-жан азығы» тақырыбында іс-шара өткізілді. Бұл шараның мақсаты-жас ұрпақты кітап оқуға қызықтыру,кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.7 «б»-сынып оқушылары шетел әдебиетінің өкілі,жазушы О.Генридің «Соңғы жапырақ» шығармасымен танысып, көтерілген басты тақырып аясында ой бөлісті.Жалпы шығарманың тәрбиелік маңызы- рухани құндылықтарды,соның ішінде шынайы достық,адалдық,қайырымдылық сияқты адамгершілік қасиеттерді оқырман бойына сіңіру.Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп,түрлі жағдаяттарды талқылады.Тақырып аясында мақал-мәтелдер,қанатты сөздер айтылып, шараға қатысқан қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.Т.Қайрамбаева оқушыларының кітап оқуға, білімге деген құлшыныстарына ризашылық сезімін білдірді.Шара соңы сазгер Оралхан Көшеровтың әні мен ақын Хасен Закарияның сөзіне жазылған «Достарым» әнімен өз мәресіне жетті. Адал достықты арқау еткен шығарма мазмұнына әсерленген сыныптастарымның көзінен болашаққа деген сенім мен ерекше көңіл күйді байқағандай болдым.

Асылжан Дәулетбаева,
№3 Күршім гимназиясы,7-«б» сынып оқушысы

Похожие публикации:

28 сентябрь 2020 2018-2019 ат ic шаралар
28 сентябрь 2020 17-18 ат іс шаралар
20 ноябрь 2019 Мектеп паспорты