«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» тарихи оқиғасына 300 жыл толуына
Мектебіміздің кітапханасында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» тарихи оқиғасына 300 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. 1723-1727 жылдар қазақ халқының жадында тарихтағы қиын кезеңдердің бірі ретінде қалды. 1722 жылы ойраттармен ұзақ уақыт соғысқан цин боғдыханы Канси қайтыс болғаннан кейін Қытаймен шекарада біраз орнаған тыныштық Цеван-Рабтанның Қазақстанға жаңа күшті соққы беруіне мүмкіндік берді. Осылайша 1723 жылдың көктемінде жоспарланған жаулап алу жорығы қазақ халқының