Мектеп тарихы
Мектебіміз 1970 жылы қаңтардың 11-жұлдызында "№3 Күршім орта мектебі" деп аталып, аралас орыс -қазақ тілінде оқытылатын аудан орталығындағы 3-і орта оқу орны ретінде шаңырақ көтерді.Мектебіміздің алғаш директоры болып Сембаев Қуанышбай Қапашүлы тағайындалды.
Сембаев Қуанышбай Қапашұлы 1936 жылы 15-шілдеде Күршім ауданының Қыстау-Күршім ауылында туған.1961жылы КазПИ-дің физика-математика факультетин үздік дипломмен бітірген.
1969 жылы Қазақ ССР Министірлігінің бұйрығымен "Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері"белгісімен марапатталды.Осы жылы жаңа салынып жатқан №3 Күршім орта мектебінің директорлығына тағайындалды.
Мазақов Нұрлан Мазақұлы 1928 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында туған.1953 жылы Семей педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген.44-жыл ұстаздық қызмет атқарып, 35-жыл аудан мектептерінде 1976-1988 жылдары №3 Күршім орта мектебінде директор болып жұмыс істеді.
Ботақанов Советбек Ботақанұлы 03.09.1937 жылы Балықшы селолық аймақтық округі, Жалаңаш ауылында дүниеге келген.1959-1964 жылдары Семей педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірді.
1989-1999 жылға дейін Күршім орта мектебінің директоры болып жұмыс атқарды.Советбек Ботақанұлы істеген жылдары №3 Күршім орта мектебінде қазіргі гимназия сыныптарын ашуға негізін жасаған, 5 сыныптан бастап іріктеп гимназияға дейінгі сыныптарын ашқан.
Искаков Советхан Тұрсекенұлы 1948 жылы Күршім ауданы Ленинск ауылында туған.1973 жылы Өскемен педагогикалық институтын бітіріп, еңбек жолын Күршім №3 орта мектебінде дене тәрбиесі мұғалімі болып бастады.1999 жылы 6 шілдеден бастап №3 Күршім орта мектебінің директоры болып тағайындалды.
Шакерова Гүлнар Сабырқызы 1965 жылы Құйған ауылында дүниеге келген.Өскемен педагогика институтынын «Ұлттық мектептегі орыс тілі және әдебиет» мамандығы бойынша білім алған.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің «білім беру ісінің үздігі»төс белгісінің иегері .2013 жылдан бастап мектеп директоры қызметін атқарады.Осы мектептің 1982 жылғы түлегі.


