«№3 Күршім гимназиясы» КММ-де ұлты орыс, қазақ тілінде таза сөйлейтін география пәні мұғалімі Алдырбаева Светлана Александровна қызмет атқарады. » КГУ "Курчумская гимназия №3"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
"№3 Күршім гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 3-17-42
Есепші бөлімі:
+7(72339) 3-17-42
Версия для
слабовидящих
» » «№3 Күршім гимназиясы» КММ-де ұлты орыс, қазақ тілінде таза сөйлейтін география пәні мұғалімі Алдырбаева Светлана Александровна қызмет атқарады.
21
декабрь
2021

«№3 Күршім гимназиясы» КММ-де ұлты орыс, қазақ тілінде таза сөйлейтін география пәні мұғалімі Алдырбаева Светлана Александровна қызмет атқарады.

ШҚО білім басқармасының Күршім ауданы бойынша «№3 Күршім гимназиясы» КММ-де ұлты орыс, қазақ тілінде таза сөйлейтін география пәні мұғалімі Алдырбаева Светлана Александровна қызмет атқарады. Светлана Александровна барлық іс-шараларды және сабақтарын тек қазақ тілінде жүргізіп қана қоймай, қазақтың мақал-мәтелдерін еркін пайданаланады. Алдырбаева Светлана Александровна 1991 жылы мамырдың 21-і Күршім ауылында туған.Ол С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-не география пәні мұғалімі мамандығына түсіп,оны 2013 жылы бітіріп, № 3 Күршім гимназиясына география пәнінің мұғалімі ретінде орналасып осында 8 -ші жыл қызмет етіп келеді.Әкесі Александр, анасы Нина орыс ұлтының өкілдері.Светлана Александровна қазақ ұлтының азаматымен бас қосып, көп балалы ана атанды. Светлана үш тілде еркін сөйлейді, бірақ қазақ тілін күнделікті тұрмыста қолданады. Мектепте атқарылатын әртүрлі іс-шараларды жүргізгенде С.А.Алдырбаева қазақтың шешендік сөздерін ұтымды пайдаланады. Алдырбаева Светлана Александровна оқушыларға ел ертеңі болатын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде, олардың тұлғалы азамат болып қалыптасуларына өз үлесін қосуда.

Похожие публикации:

30 август 2022 Тамыз кеңесі 2022
30 август 2022 Тамыз кеңесі 2022
02 декабрь 2019 Мектеп тарихы
20 ноябрь 2019 Мектеп паспорты