“Ұл тәрбиесі -ұлт тәрбиесі” тақырыбындағы дөңгелек үстел. » КГУ "Курчумская гимназия №3"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
"№3 Күршім гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 3-17-42
Есепші бөлімі:
+7(72339) 3-17-42
Версия для
слабовидящих
» » “Ұл тәрбиесі -ұлт тәрбиесі” тақырыбындағы дөңгелек үстел.
28
апрель
2023

“Ұл тәрбиесі -ұлт тәрбиесі” тақырыбындағы дөңгелек үстел.

Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады. Қазақ отбасының ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Қазақ отбасындағы үлкенді құрметтеу әдеті жауапкершілік, адамгершілік сезімдерін туғызған. Дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ағаларына байланысты. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін алдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсын, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді айта отырып, мектебімізде ұлдар отырысы жиі өткізіледі.
Сондай іс шаралардың бірі “Ұл тәрбиесі -ұлт тәрбиесі” тақырыбындағы дөңгелек үстел.
Мақсаты: Ержігіттің қалай болу керектігі, ел -жұрт, үлкен кіші, кәрі-жас алдында өзін қалай ұстап, қалай қамқорлық жасау, отбасы мен ел-жұртына қалай үлгі-өнеге болу, қиын сәттер мен ел басына күн туған сын сағаттарда қалай ерлік көрсетіп, қалай азаматтық таныту секілді істерге бағыт-бағдар беру.
Аталған шараға мектебіміздің белсенді әкесі Жандос Қызырғалиұлы қатысып ұлдарға әкелік кеңесін айтса, Күршім АПБ ЖПҚБ ӘЗЗҚтИ , полиция капитаны Назгүл Жанболатқызы ұлдарға құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша дәріс оқыды. Ұлдар отырысының арнайы қонақтары мектебіміздің түлектері Сұлтан Болатұлы мен Алмас Маратұлы артқы толқын інілеріңе өздерінің ағалық сөздерің айтып, жылы лебіздерін білдірді.
Мектеп директоры Жасұлан Алибекұлы келген қонақтарға алғысын білдіріп, қорытынды сөз сөйледі.
Ұлдарымыз өз өнерлерін ортаға салып, ойларымен бөлісіп, дөңгелек үстелге белсене қатысты. #әкелермектебі 

Похожие публикации:

08 сентябрь 2022 «Адалдық сағаты»
04 октябрь 2019 Ұстаздар күні.