13
май
2022
«Отбасы күні» қарсаңында «Бақытты ана-бақытты бала» тақырыбында даярлық тобының ата-аналарымен психологиялық марафон өткізілді.
https://www.instagram.com/p/Cdf09AhrIc1/?utm_source=ig_web_copy_link
№3 Күршім гимназиясында «Отбасы күні» қарсаңында «Бақытты ана-бақытты бала» тақырыбында даярлық тобының ата-аналарымен психологиялық марафон өткізілді.
Бала 1-сынып табалдырығын аттағалы тұрғанда, ата-ана тарапынан баланы мектепке даярлаудың физиологиялық, әлеуметтік-психологиялық, нейропсихологиялық жолдары, жоғарғы психикалық функциялардың толық жетілуіне ықпал ету шарттары айтылды.
Бақытты баланы тәрбиелеуде аналардың өз эмоциясын бақылауда ұстап, балаға айғайлау, қол көтермеу үшін не істеу керек? деген сұрақ төңірегінде тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Зияшова ата-аналармен тренинг жүргізді. Сабақ қарату кезінде баланың қателіктеріне шыдамай өзін ұстай алмаған аналарда іште жиналып шықпай жатқан эмоциялар шығып, жеңілдегенімен кінәлі сезіну, ал балада невротикалық тик, сабақ оқуға мотивациясының сөнуі,өзін-өзі бағалаудың төмен болуы,травма сынды орны толмас олқылықтар орнайтыны ашып айтылды. Осындай қателіктерге жол бермеу үшін аналарға жасау керек нақты қадамдар ұсынылды. Ертеңгі күні бала негативті эмоциямен мектепке бармас үшін баланы құшақтау, жақсы көретінін жеткізу техникалары берілді. «Мен және басқалар» атты экспериментті көрсете отырып, бала психикасы икемді кезінде сөз, әрекет арқылы өзіне сенімді, өскенде сәттілікке тез жететін саналы ұрпақ өсіру үшін қолданылатын тиімді психологиялық техникалар ұсынды.
«Бақытты бала тәрбиелеу үшін ең алдымен ананың өз эмоциональді күйі тұрақты болу керек. Тыныстап, дем алып, жандануды әр ана өзінен бастағаны жөн» деп түйінделді.