28
апрель
2023
“Үздік оқырман” сайысы
Кітапханашы А.Тантакованың ұйымдастыруымен 6-8 сыныптардың арасында “Үздік оқырман” сайысы өтті.
Мақсаты: ұлттық сана- сезімі жоғары, рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол,еңбекқор ұрпақты кітап оқу арқылы тәрбиелеу.Кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу.
ХХІ ғасыр- білім, ғылымның ғасыры.Еліміздің Еуразия жүрегіндегі Жаңа Қазақстанды өркендетудің 2030 жылға дейінгі бағдарламасына талабы таудай, қабілетті, ізденімпаз жастар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой екені, ондай жастардың әлемдік бәсекеге төтеп беретіні, ұлт ақыл-ойының ұйытқысы болатыны көрсетілген.
Бәсекеге қабілеттіліктің басты көрсеткіші- білім, ал білімнің кәусәр бұлағы кітап екені бәрімізге белгілі.Өркениеттің көшінен қалмау үшін біз білім сапасын арттыруымыз қажет. Ол үшін көп кітап оқу маңызды болып табылады.