Көшет отырғызу акциясы » КГУ "Курчумская гимназия №3"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
"№3 Күршім гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 3-17-42
Есепші бөлімі:
+7(72339) 3-17-42
Версия для
слабовидящих
» » Көшет отырғызу акциясы
07
апрель
2023

Көшет отырғызу акциясы

Жер тоңы жібіп, алғашқы көк дүркіреп шыға бастаған кезде шыбық қадап, тал отырғызу – сауапты іс. Өйткені, жерге шаншылған әрбір тал күтімі жақсы болса, күні ертең жапырағы дараққа айналып, жазда сая, қыста қамсау болады. Әрі экологиялық ахуалды жақсартып, қоңыржай климат қалыптастыруға әсерін тигізеді. «Бұтақ жайған ағаш қартаймайды, ұрпақ жайған адам қартаймайды» дейді. Соңғы кездері тал егу дәстүрі еліміздің түкпір-түкпірінде қолға алынып, тиянақты мән берілуде. Мұның өзі қоғамға пайдасы зор игі бастама. Көшет отырғызу акциясы гимназияда бір мезгілде басталды. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, білім ұясымен биыл қоштасатын шәкірттер бір-бір ағаш көшетін әкеліп, мектеп ауласына отырғызды. Игі шараға мектеп директоры, бітіруші түлектердің сынып жетекшілері қатысып, көшет отырғызуға өз үлестерін қосты. @aia_soltan @kurchumbilimbolimi

Похожие публикации:

04 октябрь 2019 Ұстаздар күні.