22
ноябрь
2021
"Астана медицина университеті"

Биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр. Тарих үшін қас-қағым сәт, бірақ біз үшін ғасырдың жүгін арқалаған шешуші үш онжылдық болғаны сөзсіз. Осынау тарихи меже тұсында егемендіктің маңызын саралау, қазіргі қазақстандық қоғамның бейнесін, оның құндылықтары мен бірегейлігін айқындаған негізгі оқиғаларды салмақтау аса маңызды. Бұл, бірінші кезекте, Тәуелсіздік құрдастарына жүріп өткен жолымыздың тұтас бейнесін дәріптеу үшін қажет.Өйткені бүгінгі тұрақты мемлекеттік институттар, Қазақстанның әлемдік аренада толық мойындалуы, шегенделген шекара, экономика мен саясаттағы толағай табыстар және мемлекеттік жолындағы басқа да жеңістер 30 жастағы азамат үшін солай болуға тиісті, қалыпты құбылыс ретінде бағаланатыны рас. Дегенмен, мұның барлығы аға буынның, әсіресе, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі мен ерік-жігерінің арқасында қол жеткізген жетістіктер екені анық.Баршаңызға белгілі,Былтырғы жылдан бері "Елбасы медалі" - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама іске асырылып келеді. Бұл 14 пен 29 жас аралығындағы жас және өршіл қазақстандықтарға арналған жоба.Сондай бірегей жобаға қатысып, «Елбасы медалінің» қола деңгейіндегі медаль иегері атанып, мерейімізді арттырған гимназиямыздың түлегі, бүгінгі күні "Астана медицина университеті" КеАҚ-ң 1 курс студенті: Алтынғазы Әйгерім Жанатқызын құттықтаймыз!!! Болашағын жарқын болғай, Әйгерім!!!