ҚАУІПҚА НАЗАР АУДАРЫНЫЗ!!! » КГУ "Курчумская гимназия №3"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
"№3 Күршім гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 3-17-42
Есепші бөлімі:
+7(72339) 3-17-42
Версия для
слабовидящих
» » ҚАУІПҚА НАЗАР АУДАРЫНЫЗ!!!
18
март
2021

ҚАУІПҚА НАЗАР АУДАРЫНЫЗ!!!

ҚАУІПҚА НАЗАР АУДАРЫНЫЗ!!!

Біраз мерзімнен соң мектепте демалыс басталады. Балаларда бос уақыт пайда болады. Электр  құралдарын пайдалану кезінде Қауіпсіздік техникасын сақтау ережелерін және  басқа да САҚТАЛУҒА тиісті қарапайым мәселелерді  білу балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және жарақаттар мен жазайым оқиғалардын алдын алады.

Қауіпсіздік ережелерін  сақтамау салдарынан ауыр зардаптарға – балалардың қаза болуына және зардап шегуіне  әкеліп соққан бірнеше қайғылы оқиғалардың болғаны мәлім.


Сонымен үзілді-кесілді:

  • Трансформатор және ток бөлетін подстанцияларға өте жақын келуге және жанасуға, ішіне енуге және төбесіне шығуға болмайды;
  • Электр тасымалдағыш кәбілдердің және әуе желілерінің жерде жатқан және үзілген жалаңаш сымдарына жақындауға және ұстауға болмайды;
  • Бойында электр тогы жүріп жатқан жалаңаш сымдарға жанасуға болмайды;
  • Құралдарда немесе сымдарда электр тогының бар-жоғын білу үшін саусақпен тексеруге болмайды;
  • Сым оқшаулағыштарға зиян келтірмеу және қысқа тұйықталуды (от шығу) болдырмау үшін оларды есікпен, терезе жақтауларымен қыстыруға, шегелерге бекітуге болмайды;
  • Электр өткізгіштер жылу батареяларына, су құбырларына, телефон және радиотрансляция сымдарына жанаспауын бақылап отыру қажет;
  • Балалардың розеткалардың жанында ойнауларына, оған шпилькалар мен түйреуіштер тығуына, сымдарды ұстауына жол бермеу керек, өйткені бұл ток соғуына әкеліп соғады;
  • Сулы қолмен электр лампочкаларын, тұрмыстық приборларды жағу немесе сөндіру қауіпті. Жанып кеткен лампочкаларды ажыратқышты сөндіріп қойып ауыстыру қажет;
  • Корпустарының бойымен ток жүріп тұрған тұрмыстық электрқұралдарды («тістейтін» прибор) пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынады. Құралдарды қосқан және ажыратқан кезде штепсель айырын сымнан емес пластмасса колодкасынан ұстау қажет;
  • Су қайнататын, ас пісіретін (электр шәйнектер, кәстрөлдер) приборларды желіге құрғақтай қосуға болмайды. Олардың кем дегенде үштен бір бөлігін сумен толтыру керек. Шәйнекке немесе кәстрөлге су құйғанда, олар міндетті түрде токтан ажыратулы болуы қажет;
  • Сондай-ақ, приборлардан ажыратылған шнурлар да штепсельді розеткадан ажыратулы болуға тиісті, себебі, оған байқамай жанасқан кезде ток соғуы мүмкін;
  • Кез келген тұрмыстық электр құралдарды бір қолмен, мүмкін болса, оң қолмен, және сол кезде су жүретін, газ және жылу құбырларына жанаспай қосу немесе ажырату қажет.
  • Өрт шығуын болдырмау үшін, тұрмыстық электр приборларын арнайы тұғырларға (керамикалық, металл, немесе асбестен жасалған) және жылдам жанатын заттардан (перде портьер, дастархан) қауіпсіз қашық жерге  орнату қажет.

Осыны балаларыңызға түсіндіріңіз, оларға қарапайым Ережелерді ұқтыру үшін уақытты Бүгін табыңыз, өйткені Ертең кеш болуы мүмкін.

Похожие публикации: