“ Есірткіге жол жоқ “ челленджі » КГУ "Курчумская гимназия №3"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
"№3 Күршім гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 3-17-42
Есепші бөлімі:
+7(72339) 3-17-42
Версия для
слабовидящих
» » “ Есірткіге жол жоқ “ челленджі
31
январь
2025

“ Есірткіге жол жоқ “ челленджі

Толығырақ №3 Күршім гимназиясының Instagram парақшасынан көре аласыздар!

“ Есірткіге жол жоқ “ челленджі тақырыбы бойынша “Дені саудың-жаны сау” атты спорттық іс шаралар өтті.

Бүгінгі күні жалпы қоғамның негізгі мәселелерінің бірі — есірткі. Ықылым заманнан бері адамзат баласы осы індетпен күресіп келеді.
Қазіргі таңда есірткіге қарсы күрес жүргізу үшін дүние жүзі мемлекеттері аянып жатқан жоқ. Соның ішінде Қазақстан да есірткіге қарсы күресте мемлекеттік саясат жүргізіп, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің бағдарламасын іске асыруда.
Нашақорлық — әлеуметке ортақ проблема, қоғамның дерті. Есірткі-бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық жиілігіне ұшыратады, есірткісіз өмір сүре алмайтын халге түсіреді.
Грек тілінде ұйқы мағынасын білдіретін «nаrke» сөзі, ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтау, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді. Нашақорлыққа көбінесе, жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің зиянын шегіп жүргендер баршылық.
Есірткі адам өміріне кері әсер етіп, отбасынан, қоғамнан алыстатады. Есірткіге тәуекелділіктің соңы қылмысқа алып барады.  

Похожие публикации: