"Алғашқы ұстаз,алғашқы дана бабам"
02.11.2021 жылы Күршім аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы Жакупова Гульжан Кеңесқызының ұйымдастыруымен Ұлы ағартушы, тұңғыш қазақ мектебін ашқан,этнограф Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерей тойына арналған "Алғашқы ұстаз,алғашқы дана бабам" атты тақырыптық кеш өтті. Осы іс шараға #3 Күршім гимназиясының 9 сынып оқушылары белсене қатысты.