Мектептегі үйірме жұмыстарының есеп беру концерті » КГУ "Курчумская гимназия №3"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
"№3 Күршім гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 3-17-42
Есепші бөлімі:
+7(72339) 3-17-42
Версия для
слабовидящих
» » Мектептегі үйірме жұмыстарының есеп беру концерті
30
май
2023

Мектептегі үйірме жұмыстарының есеп беру концерті

Мектептегі үйірме жұмыстары — сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры.
Мектеп оқушыларының түрлі үйірмелерге қатысуы — алғыр, батыл, өзін көпшілік алдында еркін ұстай алатын, өз ой-пікірін анық жеткізе алатын, өзіне сенімді, осынау өзгермелі заман ағымына жеңіл бейімделе алатын, шығармашыл тұлғаны қалыптастыруда айырықша тиімді.
Нақты жоспар бойынша жасалған жұмыстар қандайда болмасын еңбек түрін, жұмыс тәсілін үйретіп, оқушыларға терең меңгертіп қана қоймай, осы іске деген үлкен құрметпен қарауға да көмегін тигізеді.
Мектеп қабырғасында оқушының үйірмеде жинақтаған іс-тәжірибесі келешек өмірінде көп пайдасын тигізері анық.
2022-2023 оқу жылындағы үйірме жұмыстарының нәтижесін көрсету мақсатында №3 Күршім гимназиясында “Өнерлі өрге жүзер” атты қорытынды есеп беру концерті өтті. Концерт өте жоғары деңгейде өтті.
Қорытынды концертте «Сахна саздары» үйірмесінің жетекшісі Ақерке Төлеутайқызының ұйымдастыруымен 5 «а», 6 «а» сыныбының оқушылары «Бір атаның балалары» қойылымын сахналады.
Мұқтарият Абай жетекшілік ететін «Домбыра» үйірмесінің күйшілері мен әншілері әдемі көңіл күй сыйлады.
Әбіш Марина жетекшілік ететін «Әдемі ай» бишілер тобының мың бұралған бишілерінің өнері көрермендерді тамсандырды.
Раушан Кинаятовнаның «Тайны русского языка» үйірмесінің оқушылары сахналаған әзілге толы қойылымы күлкіге қарық қылды.
Мұрат Лаззат жетекшілік ететін «Алтын оймақ» қолөнер үйірмесінің жыл бойына жасаған бұйымдарынан көрме ұйымдастырылып, қалың көпшілікке таныстырылды.
Сахнада өнер көрсеткен жұлдыздар көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, халықтың алғысын алды.
Рухани бай, терең білімді, өнерді бағалап, зерттей білетін, оны әрі қарай жалғастыра білетін, танымдық белсенділігі жоғары балаларды тәрбиелеп шығару үшін тынбай еңбек етіп жүрген ұстаздарға мың алғыс!
Талантты, талапты, өнерлі оқушыларға мың алғыс!

Похожие публикации: