Психологиялық қызмет бойынша атқарылған жұмыстар
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
«№3 Күршім гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
педагог-психологының психологиялық қызмет бойынша атқарылған жұмыстарының анализі
2022-2023 оқу жылының басында жылдық жоспар құрылып, жоспар бойынша жұмыстар атқарылды. Мектептегі психологиялық қызмет орталығы төрт бағыт бойынша жұмыс атқарады:
1.Психодиагностика (мақсаты: тұлғаның жеке және жас ерекшеліктерін, сондай-ақ тұлғааралық өзара әрекет ерекшеліктерін зерттеу);
2.Психопрафилактика (мақсаты: тұлғаның психикалықжәне тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау);
3.Психоконсультация (оқушының психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды болдырмау, жалпы оқу дағдысы мен біліктілікті дамыту);
4Психокоррекция және дамыту (мақсаты педагогикалық үрдістердегі қатысушыларға мәселелерді шешуге көмектесу).
Психодиагностика бағыты:
1-ші сынып оқушыларының мектепке қажетті функциялары қаншалықты қалыптасқанын, яғни сөйлеу, ақыл-ой дамуы, оқу тапсырмасын орындау қабілеті, бейнелеу дағдыларын анықтау мақсатында Керн-Йирасек тесті алынды. Ол екі бөлімнен тұрды: жазбаша және ауызша. Барлығы тестке 1 «а» сыныбынан-15 оқушы, 1 «б» сыныбынан-16 оқушы қатысты. Зерттеу барысынды оқушылардың таным үрдістері зерттелді және қорытындысы бойынша 1 «а», 1 «б» сыныптарында төмендегідей мониторинг анықталынды.
Зерттеу қорытындысы бойынша бейімделуінде қиындық туындаған оқушылар анықталмады. Жалпы бірінші сынып бойынша барлық оқушылардың ойлау, есте сақтау, қабылдау сияқты танымдық процестері жас ерекшеліктеріне сай. Сөздік қорды дамыту бойынша жұмыстар қажет етеді. Зерттеу қорытындысымен педагогтар таныстырылды.
Даярлық сынып оқушыларының мектепке дайындығын және бейімделу деңгейін анықтау мақсатында С.Панченконың «Жануарлар мектебі» проективті әдістемесі алынды. Барлығы тесттілеуге 30 оқушы қатысып, қортындысы бойынша өзара қарым-қатаныс орнатуда және оқу барысында қиындық көріп жүрген даярлық «а» тобынан 1 оқушы, даярлық «б» тобынан 2 оқушы анықталынды.
Орта буынға өтуге дайындық дәрежесінің кейбір жақтарын бағалай алатындай деңгейді анықтау мақсатында 5 «а», 5 «б» сыныптарының сабақтарына қатысып, сабақты бақылау парағы толтырылды. «Мектепке деген көзқарасың?» сауалнамасы, «Менің темпераментім» тесті, «Сыныптасыңды орналастыр» социаметриялық сауалнама, проективті әдістемелер алынды.
5 «а» сыныбында көшбасшылық ұл балалар мен қыз балалар арасында тең бөлінген. Ұлдар саны аз болғанымен белсенді. Оқушыларда орта буынға бейімделуі қалыпты жағдайда өтуде. 5 «б» сыныбында ұлдар саны қыздардан қарағанда аз болғандықтан және белсенділікті көбірек танытқандықтан лидерлік қыздар жағында. Оқушылар арасында жалпы орта буынға бейімделуінде қиындығы бар бала анықталмады.
11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстары және мемлкеттік емтиханға дайындық барысынды кезігуі мүмкін мәселелерді анықтау мақсатында «Блум токсономиясы» әдістемесі, Е.Климовтың «Болашақ мамандық типін анықтау» тесті алынды. Блум токсономиясы әдісі бойынша оқушылардың алдағы емтиханға, тесттілеуге дайындықтың қай деңгейінде екенін анықтауға мүмкіндік берсе, Е.Климов бойынша 11 «б» сынып оқушыларының 7% - адам-табиғат, 60%- адам-техника, 10% - адам-адам, 20% адам-бейнелеу өнері, 3% адам-белгі көрсеткіштері шықты.
1-6 сынып оқушылар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша жұмыстар «Кактус», «Өмірде жоқ жануар», «Жаңбыр астындағы адам» проективті әдістеме, 7-8 сыныптары оқушылар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша «Кактус», Басса-Дарки әдістемесі алынды.
9-11 сыныптары оқушылар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу және жоғары сынып оқушылары арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша Басса-Дарки әдістемесі, «Сен мектепте зорлық-зомбылық көрдің бе?», «Әлімжеттіктің алдын ал!» атты жасырын сауалнамалар алынды.
9 сынып оқушыларынан мамандыққа бағдарлау бағыты бойынша Джон Голланд әдістемесі алынып, 9 «а», «б» сыныптары бойынша көбінде оқушылар реалистік, әлеуметтік типтегі мамандықтарға бейім екендері анықталды.
Психологиялық диагностика үшін талаптарды қанағаттандыратын диагностикалық әдістердің жиынтығы болды және қиындықтарды бөліп, себептерін анықтауға мүмкіндік берді. Бұл, өз кезегінде, одан әрі даму және консультациялық жұмыстарды жоспарлауға, сондай-ақ қиындықтарды жеңу бойынша ұсынымдар жасауға мүмкіндік берді.
Мектебіміздің жас мамандарының да «Менің алғашқы ұстаздық қадамым» атты алынған сауалнамасы қорытындысы шығарылып, жас мамандар өз қорытындыларымен танысты. Жас мамандардың таңдаған мамандықтарына жалпылай алғанда көңілдері толады, жұмыс жасау тәжірибесінің аздығына байланысты қиындықтар болғанымен уақытша мәселе болып тұрғанын, білімдерін ары қарай тереңдетіп, жаңа технологияларды, әдіс-тәсілдерді тереңдетіп енгіземіз деген ойда. Алынған сауалнамалар негізінде жас мамандармен «Оқушының жас ерекшелігін ескере отырып жұмыс жасау ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстелде жас мамандар сабақ үрдісі кезіндегі оқушылармен кезігетін проблемаларды ортаға салып, оны шешу жолдарын бірге іздестірді және баланың отырысы мен сабаққа қатысуына байланысты проблеманы анықтау жолдары көрсетілді.
Қорытынды: жүргізілген диагностикалық жұмыстарды бағалау, қолда бар техника және өз кәсіби білімі оқушылардың әртүрлі мәселелерін және құқық бұзушылықтарын нақты және толық анықтауға мүмкіндік береді деп қорытынды жасауға болады. Дегенмен, болашақта диагностикалық әдістерді диагностикалаудың тиімділігін арттыру үшін толықтырулар қажет.
Психопрафилактика бағыты:
Даярлық сынып оқушылары және 1,5,10 сынып оқушыларынан алынған әдістемелер қорытындысы педагогикалық кеңесте педагогтарға таныстырылып, ұсыныстар берілді. Сонымен қатар 5-ші сынып ата-аналарына оқушыларды бейімделу кезіндегі кезіккен проблемалары бойынша тренинг ұйымдастырылып, баяндама жасалды.
«Менің көңіл күйім» сурет салу (1-4 сыныптар), «Өмір, қымбатсың сен маған» тренинг (5-11 сыныптар), «Жасөспірімді эмоциналды қолдау маңызы» педагогтарға арналған кеңес, «Жасөспірімдердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызы» ата-аналарға ақпарат тарату жұмысы жасалып, баяндама оқылды.
11-қыркүйек – Отбасы күні «Отбасылық құндылықтарды нығайту» 5,8 сынып ата-аналар жиналысында баяндама жасалып, «Әкем, анам және мен» тақырыбында спорттық эстафета ұйымдастырылды.
10-қазан – Психикалық денсаулық күні «Психикалық денсаулық және мен» бұрышы ұйымдастырылып, «Жаны саудың – тәні сау» 1 сыныптар ойын-сабақ, ақпарт беру, «Қалыпты психикалық денсаулықты сақтау ережелері» 7 сынып оқушыларына арналған тренинг ұйымдастырылып, бейнеролик таратылды, «Депрессия мен стресстің алдын алу» тақырыбында педагогтарға арналған тренинг ұйымдастырылды.
«Зиянды әдет – қоғамдық дерт» тақырыбында 6 сынып оқушыларына тренинг және әңгімелесу, 5 сынып оқушыларына «Фаст-фуд өнімдері туралы ...» тәрбие сағаты, «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» атты дұрыс тамақтану ережелері туралы бұрыш ұйымдастырылды.
Жасөспірімдер арасында ертежүктіліктің алдын алу бойынша «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында «Қыз Жібек» қыздар клубының отырысы жән медицина қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылып, оқушылардың денсаулығын және әлеуметтік бейімделуін жақсартуға бағытталған ата-аналар мен балаларға жеке кеңес берілді. 8 сынып қыздары мен олардың аналарымен бірлескен «Қыз бала қылығымен» атты тақырыпта тренинг ұйымдастырылды. «Толеранттылық – татулық кепілі» тақырыбында ата-аналар мен педагогтарға баяндама жасалды.
Деструктивті әсерге қарсы тұру, олардың құқықтық, әлеуметтік және басқа да құқықтарын сақтау бойынша оқушылар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша жұмыстар жасалды. «Менің құқықтарым, менің міндеттерім» тақырыбында 7-8 сынып оқушыларына тренинг, «Кибербуллинг дегеніміз не?» 5-6 сыныптарға, «Буллинг және кибербуллингтің алдын алуға болады» тақырыбында 8 сыныптарға тренинг ұйымдастырылып, 7-8 сыныптардан агресия мен мазасыздық деңгейін анықтау мақсатында А.Басс және А.Дарки сауалнамасы, 5 сыныптардан «Менің қызығушылықтарым» сауалнамасы, 8-11 сыныптардан ақша бопсалау мен зорлық-зомбылық көру фактісін анықтау бойынша жасырын сауалнама алынды және қорытындысы шығарылды. «Жасөспірімдердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызы» тақырыбында ата-аналарға баяндама, бейнеролик тарату жолдарымен ақпарат беру ұйымдастырылды.
Қорытынды: оқушылармен өткізілген профилактикалық жұмыстары өз нәтижесін берді деп санаймын. Оқушылар арасында тәртіпбұзушылық дейгейінің төмендеуі, әңгімелесу барысында оның салдары мен зияны туралы ақпарат бере алуынан байқалды. Келесі оқу жылында ата-аналарды мектеп өміріне көп тарту басты назарға алу жоспарлануда.
Психоконсультациялық бағыт:
Негізгі контингент жасөспірімдердің балалары болып табылатындығына байланысты көптеген сұраулар жеке тұлғааралық қарым-қатынас проблемаларына байланысты. Жалпы алғанда, барлық өтініштерді бөлуге болады:
1. Құрбыларымен қарым-қатынаста қиындықтар.
2. Эмоционалдық және мінез-құлық қиындықтары (агрессиялық, алаңдаушылық, демонстрациялық және т.б.).
3. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастардағы мәселелер.
4. Кәсіби өзін-өзі анықтауда қиындықтар.
5. Оқу қиындықтары.
6. Топтық диагностиканың нәтижелері бойынша кеңес беру.
Кеңес беру барысында келесі мәселелер қаралды:
- 1, 5, 10 сынып оқушыларының бейімділігін анықтау сауалнамасының қорытындысы бойынша оқушы, ата-ана, мұғалімге консультация жүргізу.
- Инклюзивті білім алушы оқушылардың бейімділігін анықтау сауалнамасының қорытындысы бойынша оқушы-ата-ана-мұғалімге кеңес беру.
- Оқушылар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша кеңес беру.
- Оқушылар арасындағы зорлық-зомбылықтың, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кеңес беру жұмыстары.
- 11-сынып оқушыларының ата-аналарына кеңес.
Оқушылар, ата-аналар мен пелагогтарға берілген кеңестер арнайы журналға тіркеліп отырды.
Қорытынды: кеңес беру жұмысы тиімді болып, консультациялық қызметтің барлық қажетті міндеттерін шешуге мүмкіндік берді деп санауға болады. Сондай-ақ, бастауыш және орта буын оқушылары ата-аналары арасында кеңес алу үшін сұраныстардың жоғарылағаны, яғни мектеп-ата-ана байланысының нығая түскенін көрсетті. Жоғары сынып оқушылары ата-аналары арасындағы жұмыс назарға алыну қажеттігі көрінді. Жоғары сынып оқушылары арасында консультация алу сұранысы жақсы деңгейде.
Психокоррекциялық бағыты:
5-11 сынып оқушыларымен топтық даму жұмыстары студенттерге қажетті бейімделу және когнитивтік, эмоционалды-мінез-құлық және коммуникативтік салаларда қиындықтарды жеңу үшін қажетті қасиеттерді дамытуға бағытталған. Осы оқу жылында 4 топ түзету-дамыту іс-шаралары өткізілді. Негізгі контингент - 5 сынып оқушылары.
- 9-11- сыныптарда түзету жұмыстары негізінен жеке тәртіпте өткізілді. Сондай-ақ, 6 «а», «б», 7 «а», 8 «а», «б», 10 «б», 11 «б» сынып оқушыларымен жеке жұмыс жүргізіліп, треннингтер өткізілді. 11 сынып оқушылары арасында оқуға деген, тесттілеуге дайындықты жүйеге келтіру, мотивацияларын жоғарылату мақсатында мектебіміздің түлегі, білімде, қызметінде жетістіктерге жеткен А.Уалиевпен кездесу барысында оқушылардың мазалап жүрген сұрақтарына жауап берді.
Түзеу-дамыту жұмыстарының негізгі тақырыбы:
- оқу әрекеті барысында зейінді шоғырландыруға дағдылану.
- эмоцияны басқару.
- стресстік жағдайлармен жұмыс істеу.
- агрессияны басу.
- коммуникативтік дағдыларды дамыту.
- өзіне деген сенімділігі төмен, оқу үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс.
- ата-ана қадағалауы төмен отбасынан шыққан балалармен жұмыс
Түзету-дамыту жұмыстары қатысушылардың өздеріне де, динамикасына да жауап ретінде табысты деп санауға болады.
Қорытынды: оқушылармен өткізілген топтық дамыту жұмыстары өте табысты деп санауға болады. Сонымен қатар, ол білім, бағдарламалар құрылымы мен әдіснамалық жабдықтардағы кейбір кемшіліктерді анықтады, осылайша даму іс-шараларын одан әрі жетілдіруге арналған негізгі бағыттарды анықтады.
Келесі оқу жылында топтық жұмысқа қатысуға ынталандыру, қиындықтарды және олардың себептерін талдау, түзету және дамыту жұмыстарын толықтыру қажет.
Мектеп психологы Н.К.Смагулова