Мектеп Президентін сайлау туралы ережесі. » КГУ "Курчумская гимназия №3"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
"№3 Күршім гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 3-17-42
Есепші бөлімі:
+7(72339) 3-17-42
Версия для
слабовидящих
» » Мектеп Президентін сайлау туралы ережесі.
21
сентябрь
2022

Мектеп Президентін сайлау туралы ережесі.

Өзін-өзі басқару ұйымының Мектеп Президентін сайлау туралы ережесі. 🔆🔆🔆Осы Ереже оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлауды дайындау мен өткізуді реттейді.
Өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау оқушының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделеді.
Өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі.
Оқушылардың сайлауға қатысуы ерікті болып табылады. Ешкімнің оқушыны сайлауға қатысу немесе қатыспауына мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркін білдіруіне шектеу қоюға құқығы жоқ.
Сайлаушылар өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлауға тең негізде қатысады және әрқайсысы тиісінше бір дауыс қана бере алады. Оларға тең құқықтар мен сайлауға қатысу шарттарына кепілдік беріледі.
Өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлауда дауыс беру құпия болып табылады, сайлаушылардың ерік білдіруіне қандай да бір бақылау жасау мүмкіндігін жоққа шығарады.

Похожие публикации:

02 декабрь 2019 Жеке ақпарат