1 маусым- балалар күніне орай мектебімізде мектепішілік “Бала сұлтан-2023” байқауы өтті. » КГУ "Курчумская гимназия №3"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
"№3 Күршім гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 3-17-42
Есепші бөлімі:
+7(72339) 3-17-42
Версия для
слабовидящих
» » 1 маусым- балалар күніне орай мектебімізде мектепішілік “Бала сұлтан-2023” байқауы өтті.
19
май
2023

1 маусым- балалар күніне орай мектебімізде мектепішілік “Бала сұлтан-2023” байқауы өтті.

1 маусым- балалар күніне орай мектебімізде мектепішілік “Бала сұлтан-2023” байқауы өтті. Байқауға 7-10 жас аралығындағы 7 өнерпаз оқушы қатысты. Сайыстың мақсаты:ер балаларды халықтық дәстүрді, әдет – ғұрыпты, тарихты қадірлеуге тәрбиелеу, ұлтжандылық, патриоттық сезімдерге баулу, танымын байытуға, мықты болуға талпындыру. Байқауға қатысушылар төмендегідей шарттар бойынша сынға түсті: 1. «Тегін білген, текті елдің ұрпағымыз» - Бұл шарт бойынша талапкерлеріміз өзің халыққа өлең жолдарымен таныстырды. 2. «Өлең сөздің патшасы» -Бұл шарт бойынша талапкерлер танымал ақындардың өлеңін жатқа оқыды. 3. «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй»- Бұл шарт бойынша бойына біткен өнерін халыққа танытты. 4. «Батамен ел көгерер, жанбырмен жер көгерер» -Бұл шарт бойынша , талапкерлер бата беру бойынша сынға түсті. 5. «Салтанатты киім үлгісі» - Бұл шарт бойынша ұлттық накышта тігілген киім үлгісі және оның жарасымдылығын көрсетті. Байқау нәтижесі бойынша 3 “б” сыныбының оқушысы Мұқтарият Айарыс “Бала сұлтан-2023” атағын жеңіп алды. І орынға 2 “в” сыныбының оқушысы Оралбек Айсұлтан, ІІ орынға 2 “б” сыныбының оқушысы Оразбеков Нұрәлі, ІІІ орынға2 “а “ сыныбының оқушысы Мұхаметкәрім Ислам ие болды. 2 “а” сыныбының оқушысы Мұхаметрахим Жарас “Сегіз қырлы, бір сырлы” , 4 “а” сыныбының оқушысы Ғабдулла Расул “Өнерпаз бала”, 4 “б” сыныбының оқушысы Каким Арсен “Көрермен көзайымы” номинациясымен марапатталды.

Похожие публикации:

27 сентябрь 2019 Ұжымдық шарт