Пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді. » КГУ "Курчумская гимназия №3"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
"№3 Күршім гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 3-17-42
Есепші бөлімі:
+7(72339) 3-17-42
Версия для
слабовидящих
» » Пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.
10
январь
2020

Пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.

2020 жылдың 4-7 қаңтары аралығында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығымен жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.
Олимпиадаға облыстың 9-11 сыныптарының 700 жуық оқушысы – аудандық/ қалалық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.
Жыл сайынғы олимпиада жаратылыстану-математика цикл пәндері (математика, физика, химия, биология, география, информатика) және қоғамдық-гуманитарлық цикл (қазақ тілі және әдебиет, орыс тілінде оқытатын мектептеріндегі қазақ тілі, орыс тілі және әдебиет, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, ағылшын тілі, неміс тілі, Қазақстан тарихы, Адам. Қоғам. Құқық) пәндері бойынша С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті және Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты базасында өткізілді.
Қатысушылардың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын облыстың жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, профессорлары мен ғылым докторларынан құралған қазылар алқасы бағалады.
Олимпиаданың екі айналымының қорытындысы бойынша 6 қатысушымыз да жеңімпаз атанды: 2 оқушы ІІ дәрежелі дипломмен: қазақ тілі пәнінен 10 сынып оқушысы Шарипханова Ментай (жетекшісі Нурсейтова А.Т), тарих пәнінен 10 сынып оқушысы Манапов Жанболат (жетекшісі Акчаганова К.С), 4 оқушы ІІІ дәрежелі дипломмен: 11 сынып оқушылары математикадан Маратқызы Айжан (жетекшісі Мухаметуалиева А.Б), орыс тілі пәнінен Кадырова Камила (жетекшісі Рахымбаева Г.Т), ағылшын тілі пәнінен Қыдыкенова Дина (жетекшісі Тоқпаева А.К), қазақ тілі пәнінен Сейітбекова Ақбота (жетекшісі Қайрамбаева С.Т) марапатталды. Жеңімпаздарды, олардың ата-аналарын және мұғалімдерін құттықтаймыз! Біз балаларымызға үздіктердің үздігі болуларына тілектеспіз! https://www.instagram.com/p/B7H_66QA3Ol/ 

Похожие публикации: