2021 жылдың 7 желтоқсанында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. » КГУ "Курчумская гимназия №3"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
"№3 Күршім гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 3-17-42
Есепші бөлімі:
+7(72339) 3-17-42
Версия для
слабовидящих
» » 2021 жылдың 7 желтоқсанында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
21
декабрь
2021

2021 жылдың 7 желтоқсанында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

2021 жылдың 7 желтоқсанында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

Олимпиада оқушылардың интеллектуалдық белсенділігі мен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, оқушылардың қабілеттері мен бейімділіктерін жүзеге асыруға жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты жүзеге асыру аясында ертерек профильдеу, ынтасы жоғары оқушыларды, Республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары мотивацияланған оқушыларды анықтау мақсатында өткізілді.

Неғұрлым айқындықты қамтамасыз ету үшін Олимпиада өткен орында бақылаушы ретінде «Adaldyq alany» республикалық жоба кеңсесінің өңірлік филиал өкілі қатысты.

Олимпиадаға аудандық (қалалық) кезең жеңімпаздарынан - облыстың 300-ден астам оқушысы қатысты. Жас білгірлер математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі пәндері бойынша тест тапсырмаларын орындады.

Гимназиямыздан 5 оқушы облыстық кезеңге өтті және түгелдей де жүлделі ІІ орынға ие болды. Атап айтсам;Қазақ тілі пәнінен-5 сынып оқушысы Жайлаубай Жарқын жетекшісі Нурсейтова А.Т, 6-сынып оқушысы-Назымбек Айзере жетекшісі Елеубаева С.К, орыс тілінен 5-сынып оқушысы - Дюсюпжанов Нұрқадыр, 6-сынып оқушысы Камзанова Жанель, ағылшын тілі пәнінен 6-сынып оқушысы Нұрсолтан Дильназ жеңіспен оралды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!
#дарындыгимназия
Табыс пен жеңістер тілейміз!

Похожие публикации:

20 ноябрь 2019 ОЖСБ