15
январь
2021
Дарынды оқушылармен І жж бойынша жұмыс есебі.
«Дарынды оқушы – ұлт болашағы» десек, әр мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. 1-7 сынып оқушылары арасында өткен «Зерде» ғылыми жобалар байқауына Есболқызы Елдана, Сейітқан Айзере, Қазбекова Диана және жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңіне Қабденов Жалғас қатысып, түгелдей жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар, «Менің Отаным-Қазақстан» облыстық қашықтықтан туристік экспедициялық жасақтар слетінде «Бард әндері» номинациясында ІІІ орынды жеңіп алған Адал Мейірбанды және «Жас физик» облыстық олимпиадасында жүлделі ІІІ орынға ие болған Бағданов Арманды, 5-6 сынып оқушылары арасында өткен облыстық пәндік олимпиадасына Эрикова Риза ағылшын тілінен жүлделі орынға ие болғаның атап өтпеске болмайды. Дарын орталығының ұйымдастыруымен өтетін интеллектуалдық сайыстарға жылда 100-ден аса оқушыларымыз қатысып, 80% пайызы жеңіске жетеді. Биылғы жылы онлайн форматта өткен интеллектуалдық марафондарынан да құр алақан қалмадық, атап айтсам, қазақ тілінен обл «Айналайын» (Іорын-5 оқушы, ІІ орын -14 оқушы, ІІІорын-14 оқушы) логикадан обл. «Асыл тас» (Іорын-8 оқушы, ІІ орын -35 оқушы, ІІІорын-16 оқушы) «Ақ бота» (Іорын-7 оқушы, ІІ орын -6 оқушы, ІІІорын-4 оқушы). 58 Оқушымыз республикалық, халықаралық интеллектуалды білім порталдарының ұйымдастыруымен өткен олимпиадаларға, байқауларға қатысып, түрлі марапаттарға ие болуда. Жоғарыда аталған оқушыларды және оларды дайындаған ұстаздарды бұл жеңістерімен құттықтай келе, мектебіміздің, еліміздің кемел болашағы үшін еңбек еткендеріңіз үшін алғыс білдіреміз!