Мектеп кітапханасының атқарған жұмысы
Мектеп кітапханасының 2022-2023 оқу жылының жылдық жұмысы туралы анықтама
Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен трбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай мектепте орналасқан кітапхана да жас ұрпақты тәрбиелеудегі міндеттерді ұстаздармен бірлесе атқарады.
Мектеп кітапханасы оқушылардың үнемі өздігінен білім алу қажеттілігін оятады, жауапкершілікке тәрбиелейді, мектеп бағдарламаларына көмектесу үшін әдебиеттерді насихаттауға назар аударады. Сондай – ақ балалардың оқу және оқу әдеті, оқу кезеңінде кітапхананы пайдалану қажеттілігін дамытады және қолдайды.
Мектептегі кітапхана - бұл білім алушыларға арналған алғашқы ақпараттық орталық.
Мектеп кітапханасы өз жұмысында «Білім туралы Заң», «Кітапхана ісі туралы Заң», «Мектеп кітапханасы туралы ереже» басшылыққа алады. Мектеп кітапханасы мектеп директоры бекіткен жоспар бойынша жұмыс істейді.
Кітапхана қызметінің негізгі бағыттары:
-оқу және тәрбие процесін кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетудің барлық түрлері мен және әдістерімен қамтамасыз ету;
- кітапқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу және оқу мәдениетін қалыптастыру, баспа басылымдарына ұқыпты қарау;
- оқу пәндерін табысты оқу, сөйлеу мен ойлауды, танымдық қызығушылықтар мен қабілеттерді дамыту мақсатында оқушыларды оқуға тарту.
Кітапхананың жалпы көлемі 277,8 кітапхана үш бөлімнен тұрады: оқу залы, абонемент және «COWORKING». Отыратын орындардың жалпы саны – 30, стол-1, кітап көрмесі сөрелері – 1, кітап шкафы – 1, стеллаждар – 96, каталогқа арналған шкаф – 1, жұмсак кіші диван – 2, пуфиктер - 3. Оқырмандарға арналған екі кісілік стол- 12. Оқырмандарға арналған бір кісілік стол – 12.
Кітапханада 3 ноутбук, 1 принтер бар. Интернетке қосылмаған.
Кітапхана қоры мектеп кітапханаларына арналған Кітапханалық-библиографиялық жіктеу бойынша орналастырылған. Кітапханада құжаттама бекітілген номенклатураға сәйкес жүргізіледі.
Мектеп кітапханасының кадрлары туралы мәліметтер.
Кітапхана меңгерушісі - 1
Тантакова Айсулу Искаковна
ҚазМемҚызПИ. «Кітапханатану және библиография» 2000-2004 жж
Біліктілігін арттыру - 2014 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми- педагогикалық кітапханасы «Мектеп кітапханасының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша 48 сағат.
2019 жылы жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми- педагогикалық кітапханасы «Мектеп және коледж кітапханасының жұмысын автоматтандыру» тақырыбы бойынша 72 сағат.
Нормативтік құжаттардың болуы:
Кітапханада келесі нормативтік құжаттар бар:
- Кітапхана туралы ереже
- Кітапхананы пайдалану ережесі
- Лауазымдық нұсқаулық - кітапхана меңгерушісі.
- Мектеп кітапханасының жылдық жұмыс жоспары
- Мектеп кітапханасының жұмысы туралы жылдық есеп
Кітапхананың кітап қоры туралы мәлімет:
Оқу әдебиеттері қоры бөлек орналасқан. Оқулықтарды орналастыру сыныптар бойынша орналастырылған. Жаңа оқулықтардың түсуіне қарай оларды бірден өңдеу және орындарына орналастыру жүргізіледі.
Көркем әдебиет қоры оқырмандарға ашық қолжетімді. Кітапхана ғылыми-көпшілік, анықтамалық, салалық, көркем, балалар әдебиетімен, электронды оқулықтармен жабдықталған.
Кітапхана қоры туралы мәліметтер:
Оқу жылы | Жалпы қор | Оқулықтар | Оқулықпен қамтылу | Көркем әдебиет |
2022-2023 | 10532 | 8252 | 100% | 2280 |
Кітапханалық қызмет көрсету «Кітапхана туралы ережеге» және кітапхана жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Абонемент және кітапхананың оқу залы эстетикалық безендірілген, кітапханаға қажетті жиһаздармен қамтамасыз етілген. Кітапхананың жұмыс кестесі, кітаптарды пайдалану ережелері ілінген.
Оқырмандарды жыл басында қайта тіркеу жүргізіліп, күнделікті кітапханаға келген оқырмандарға формулярлар уақтылы толтырылады. Барлық білім алушылар мен ұстаздар"кітапхананы пайдалану ережелерін" сақтайды, бұл олардың тәуелсіз кітапхана пайдаланушыларының дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы | Оқырмандар саны | Келу саны | Кітап беру саны |
2022-2023 | 413 | 4193 | 4955 |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 23 қазан күні болған Ұлттық кеңесте сөйлеген сөзінде: «Баланың оқуға деген қызығушылығы , қоршаған ортаны кітап арқылы тануы мектеп қабырғасында қалыптасу керек. Ал кітапхана оқушының сол ынтасын оятып, оны қызықты кітап әлеміне жетелеуі қажет» - деп атап көрсетті.
Осы тапсырманы орындауда елімізде «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасы енгізілгені баршамызға аян. Жоба оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдіруге, оқу мәдениетінің деңгейін арттыруға және оқуды насихаттауға бағытталған.
Осы орайда мектебімізде білім алушыларға мектеп ұжымымен, сынып жетекшілермен және ата-аналармен бірлесе сыныптан тыс іс-шаралар іске асырылуда.
Оқырмандардың кітапханаға деген қызығушылығын ояту, кітап оқуға қызықтыру мақсатында жыл көлемінде тұратын көрмелер «Қазақстан Республикасының рәміздерін білу Отаншылықтың негізі «Елдің көркі - рәміздер», «Заңды білу – заман талабы», Рухани жаңғыру жобасы аясында «Шығыс өңірінің ақындары», оқырмандарды кітап оқуға шақыру мақсатында «Буккросинг» атты көрмелер ұйымдастырылды.
Қыркүйек айында тіл мерекесіне орай «Тіл – асыл қазына», «Қош келдің жас оқырман!» таңғажайып кітапханаға саяхат,
https://www.instagram.com/reel/CixqyvTOrZ5/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
«Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасы аясында «Оқы және жеңіске жет» сайысына Бекзатқызы Іңкәр, Есманова Жанерке, Қазбекова Диана, Адаева Ш, Ануарбек П, Айтжан К, Құрметқызы К,Жұмабаева Ш қатысып, Есманова Ж, Қазбекова Д облысқа жолдама алды.
https://www.instagram.com/p/Ci312BVoSpX/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай «Жүректен маржан іздеген» атты конференция өткізілді.
https://www.instagram.com/p/CjIg2MJoqwl/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
Қазан айында - «Ұстаз - мектеп жүрегі» көрме, Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай библиографиялық шолу
https://www.instagram.com/reel/Cj29hKEohu0/?igshid=YmMyMTA2M2Y=,
Қазақстан Республика күніне орай «Айбыны асқақ, тұғыры биік Қазақстан» атты көрме өткізілді.
https://www.instagram.com/p/CjzdSxDIrO_/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
«Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұл жобасы» аясында 25 қазан Республика күніне орай «Республикам менің» атты челенджге Кентай Ш, Жақсылықова Ж, Жәнібек Б, Мәдениет Ә туған жер туралы өлең оқып қатысып, сертификаттармен марапатталды.
Қараша айында каникул кезінде «Каникулда кітап оқимыз» атты марафонына оқушылар қатысып 2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталды. Абай Құнанбаевтың өлеңдері бойынша «Жаздым үлгі жастарға бермек үшін» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
https://www.instagram.com/reel/Ck7Zg9AoP_D/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
Желтоқсан айында 16 желтоқсан «Тәуелсіздік күні» күніне орай «ХХІ – ғасыр Тәуелсіздіктің жұлдызды ғасыры» аты көрме, желтоқсан оқиғасының куәгері Роза Манапқызымен кездесу
https://www.instagram.com/p/CmG9qxYL2HX/?igshid=YmMyMTA2M2Y=,
«Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт жобасы» аясында оқушылардың ұйымдастыруымен оқушыларды кітап оқуға шақыру мақсатында Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» атты шығармасын талдау өткізілді.
Кітап оқу- қоршаған ортаны, дүниені дүниені және өзін тануға көмектеседі. Яғни, кітап көп оқыған адам жады мықты, тез ойлап тез қорыта алады. Осы орайда мектебіміздің оқушылары «Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт жобасы» аясында қысқы каникулда кітап оқып, оқыған кітаптарының мазмұнымен бөлісті.
https://www.instagram.com/p/CnE2lrvr0N6/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
https://www.instagram.com/p/CnFAF-uLH5O/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
https://www.instagram.com/reel/CnKHpFKJ2zz/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
https://www.instagram.com/reel/CnHvb3XJBUj/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
https://www.instagram.com/p/CnLOojrowVj/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
https://www.instagram.com/p/CnKR_zprOYA/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
https://www.instagram.com/p/CnJ8xuCLXtW/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
https://www.instagram.com/p/CnJqT7JLEoP/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
https://www.instagram.com/p/CnJDxM-IgUU/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
https://www.instagram.com/p/CnHayRyr8ZV/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
https://www.instagram.com/p/CnHFkVzrVer/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
«Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт жобасы» аясында үзіліс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ертегілердің желісі бойынша 4 а сыныбымен сұрақ – жауап ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/reel/CneCAdRJfKH/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
«Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт жобасы» аясында 3 б сыныбымен « 20 минут кітап оқы» шарасы өткізілді.
https://www.instagram.com/reel/Cn05JosIrNH/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні. Бұлмерекенің мақсаты – қарапайым және мейірімге толы, барлық адамзатты кітап оқуға шақыратын ерекше мейрам. Мерекенің қағидасы бойынша осы күні балаларға көбірек кітап сыйлаған абзал. Соларқылы жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасын арттыруға болады. Осыған орай кітапханада «Кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/reel/Cn7GNpXJZYu/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
https://www.instagram.com/p/CoocdW0o_ro/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың ұлы, белгілі шығыстанушы, түркітанушы, мәдениеттанушы ғалым, тамаша эссеист, қазақ дипломатиясының қайраткері Мұрат Әуезов 80 жасқа толды. Осыған орай 10 сынып оқушыларына Мұрат Мұхтарұлының өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, бейнефильм көрсетілді.
https://www.instagram.com/reel/CoCNJPJMnmT/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
«Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт жобасы» аясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында оқушыларға «Көңілді үзіліс» ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/reel/CocOJt3upLd/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
https://www.instagram.com/p/Coq5SJAIiJ8/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
https://www.instagram.com/p/Coq9Iu0IrRr/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
https://www.instagram.com/p/CoteioioQpp/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
Ауғаныстаннан совет әскерінің шығарылғанына 34 жыл толу қарсаңында мектебімізде Ауғаныстан соғысының ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесудің бас кейіпкерлері Алтай Чайзатұлы мен Станислав Бенедиктович өмірлерінің бір тарауы болып өткен соғыс жайлы айтып, жолдастарынан айырылу күйініштерімен бөлісті.
https://www.instagram.com/reel/CoxKyzoI_LF/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
Дүниежүлік дауыстап оқу күніне орай 8 сынып оқушыларына «КВЕСТ» ойыны ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/reel/CpP4Hs5ICHh/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында қазақ халқының шежіресіне қатысты тәрбие сағаты өтті.
https://www.instagram.com/reel/CpmpQXPu_2K/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
«Оқуға құштар мектеп» жобасы шеңберінде Халықаралық балалар кітабы апталығына арналған «Кітаппен әлем мейірімді және жарқын» іс- шарасы негізінде «Әжемнің ертегісі» атты Рабиға әжеймен іңгіме өткізілді. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің құралы әдебиет, оның ішінде көркем әдебиеттің көне жанры – ертегі. Ертегінің көркем де жеңіл тілі баланың қиялына қанат бітіріп, арманын асқақтатып, еңбексүйгіштікке, адалдыққа, батылдыққа тәрбиелейді.
https://www.instagram.com/reel/Cqa_GMZOJUu/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
8 сынып оқушылары Дәулетбаева А, Қазтай А - ның ұйымдастыруымен Қ.Қайсеновтың «Жау тылындағы бала», Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» атты шағармаларынан «КВЕСТ» ойынын ұйымдастырды.
Жоспарға сәйкес 5-8 сынып арасында «Үздік оқырман» сайысы өткізілді.
9 мамыр жеңіс күніне орай «Ел мен ердің жеңісі» атты тәрбие сағаты.
https://www.instagram.com/reel/CsDPp01ofUQ/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Қазақстан Республикасының рәміздер күніне орай «Балауса» жазғы сауықтыру алаңындағы балалар кітапханаға саяхат жасады. «Квест» ойыны мен интелектуалдық сұрақ жауап ойынын ойнады.
https://www.instagram.com/reel/CtViQRrIz-1/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
31 мамыр саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күніне
2022 - 2023 оқу жылында жоспарланған барлық іс – шаралар өткізілді. Білім көзі кітапта демекші өткізілген іс – шаралардан оқушыларымыз жан - жақты білм мен тәрбие алып өз бойларына сіңіре білді. Сонымен қоса өз өнерлерін ортаға салып, ойларымен, өнерлерімен бөлісті. Келесі оқу жылына да жоспар бойынша әр түрлі жұмыстар атқарылады деп жоспарлануда.