08
декабрь
2021
«Білімдіден шыққан сөз...»
«№3 Күршім гимназиясы» КММ-нің ақпарат орталығы кітапхананың жоспары негізінде кітапханашы Тантакова Айсулу Ысқаққызының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт жобасы аясында» ұлы ақын Абай Құнанбаевты дәріптеу мақсатында Абай Құнанбаев «Білімдіден шыққан сөз...» атты 5-9 сыныптар арасында мектепішілік сайыс өтті. Оқушылар Абайдың бес өлеңін жатқа айтып, 5-6 сыныптар жаттаған өлеңдерінің бірін сурет салып қорғады, 7-9 сыныптар болса жаттаған өлеңдерінің бірін нақышына келтіре отырып талдау жасады. Оқушылар сайыстан Абай атамыз жайлы білім алып, білік дағдыларын кеңейтіп, Абайдың өн бойы толы рухани байлығын бойларына сіңіріп, білімдерін толықтырды.