18
ноябрь
2021
12-18 жас аралығындағы жеткіншектерге коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдыру туралы түсінік
Қазақстан Республикасы мемлекеттік санитарлық бас дәрігерінің 20.10.2021 жылғы №46 қаулысы негізінде 12-18 жас аралығындағы жеткіншектерге коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдыру туралы түсінік жұмыстары №3 Күршім гимназиясының ата-аталарына 17.11.2021 жылы 17.00-де жиналыс ұйымдастырылды. Жиналыста мектеп директоры Ж.А.Нуриманов, мектеп медбикесі М.З.Сейтжанова,"ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Күршім аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы"РММ бас дәрігері Н.С.Адрышева, "Күршім ауданының орталық ауыруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК дәрігер-терапевті А.О.Рапикова сөз сөйледі. Ата-аналар сұрақ қойып, жауаптарын алды.