12
сентябрь
2019
Мектеп түлектері- біздің мақтанышымыз!
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жерге іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патроиотизмнің маңызды көрінісі» деген болатын. Елордада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мемлекеттік туды көтеру рәсімінде еліміздегі әскери жоғарғы оқу орындарын бітірген курсанттарға әскери шендер мен атақтарды тапсырды.
Осы орайда мақтанарлық жайт,бұл курсанттардың арасында Алматы қаласындағы «Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтын» тамамдаған мектебіміздің 2014 жыл түлегі Қазизбек Айдарғали де бар.
Айдарғали ағамызды құттықтай келе, гимназиямыздың түлектері елімізге абыроймен қызмет етіп жүрген генерал-майор Ботақанов Еркін Советбекұлы мен генерал-майор Уашпаев Марат Камарьяновичтің жолын берсін демекпіз.
Күні кеше ғана түлеп шыққан Құдайбергенов Ақжол Санкт-Петербург қаласының « Әскери-медициналық академиясына» түсіп өз ұстаздарын ұмытпай дұғай сәлем алғысын білдіріп жатыр. Әрине ұстаз өз шәкіртінің қуанышын өзіндікіндей көреді. Алғашқы әскери даярлық пәнінің ұстазының еңбегі зор деп атау керек деп есептейміз. Ербол Жумашевич сізге алғысымызды білдіреміз!!!