Шекарашылармен кездесу
"Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы" деп Бауыржан Момышұлының айтқан сөзін гимназиямыз үнемі басшылыққа ала отырып, жыл көлемінде түрлі тәрбиелік мәні бар шаралар, кездесулер, сабақтарды ұйымдастырады. Міне, оқуға басымыз енді ене бастағанда алғашқы тәрбие шарасы өтіп кетті. 2535 әскери бөлімінің қызметкерлері 3.09 күні мектебіміздің жоғары сынып ұлдарымен кездесуге келді. Шара барысында болашақ Отан қорғаушыларға өз қызметтері туралы бүге-шегесіне дейін айтып әңгімелеп берді.