26
октябрь
2019
"Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы"
Сәлем достар! Сіздер ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлы жайлы не білесіздер? Сіздер Абай атамыздың ең алғашқы өлеңін 10 жасында жазғанын білесіздер ме?Биыл, 2019 жылы ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы. Осыған орай мектебімізде "Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы" деп аталатын жаңа жобаның тұсауы кесілмек. Бұл жоба 2019-2020 оқу жылының 1.11-30.04 дейін, 5-11сыныптар аралығында өткізілмек. Жоба байқау түрінде өткізіледі. Яғни Абай атамыздың өлеңдерін мәнерлеп оқу. Жобаның басты мақсаты оқушылардың Абай шығармаларын оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Байқау 2 кезеңнен тұрады.
1-кезең онлайн дауыс беру арқылы өтеді. Қатысушы шығарманы жатқа оқып, бейнежазбаны ұйымдастырушыларға өткізеді. Олар өз кезегінде парақшаға жүктейді.екінші кезеңге лайкты көп жинаған қатысушы өтеді.
2-кезең қорытындысы әділ қазылар шешімімен шығады.
Жоба қорытындысы жыл соңында белгілі болады. Жеңімпазға арнайы грамоталар мен сыйлықтар табысталады. Қатысушыларға сәттілік!
Бейнежазбаларды 10 сынып оқушысы Тоқанова Динараға, 9 сынып оқушысы Амангелдиева Динаға өткізу керек.