«Адалдық сағаты» » КГУ "Курчумская гимназия №3"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
"№3 Күршім гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 3-17-42
Есепші бөлімі:
+7(72339) 3-17-42
Версия для
слабовидящих
15
сентябрь
2022

«Адалдық сағаты»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағаты» қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай, жазушының парасаттылық пен ізгілікке жетелейтін шығармашылығына арналады.
«Мұхтар мұрасы – парасаттылық бастауы» тақырыбындағы онлайн-бейнедәріс барысында Мұхтар Омарханұлының шығармашылығы арқылы жастарға жақсы біліммен қатар әділдік, парасаттылық және сенім құндылықтарының маңыздылығы түсіндіріледі.
Ғалым қазақ ауыз әдебиетін жинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттану мен фольклордың теориялық мәселелері туралы іргелі еңбектер жазған.
Қазақ әдебиетінің ұлы классигі, әдебиет сыншысы, тамаша педагог Мұхтар Әуезовтің даралығы мен даналығы, заңғарлығы мен дархандығы қай салада болмасын көрініс тауып отырған.
Онлайн-дәріс барысында оқушылар жазушының адами құндылықтар туралы философиялық ойларымен танысады.
Өз еңбектері арқылы адалдықты мұра еткен кемеңгер Мұхтар Әуезов «Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек, одан соң – күш керек, одан соң – тәртіп керек» - деген. Яғни, адалдықты, парасаттылықты – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі ретінде насихаттаған.

Похожие публикации:

08 сентябрь 2022 «Адалдық сағаты»