5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі және Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай мектебімізде 8-11 сыныптар арасында ПОЛИГЛОТ зияткерлік ойыны өтті. Өткізілген шараның мақсаты оқушылардың тілдерге деген қызығушылығын, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру болды. * Сайысқа әртүрлі сыныптан жиналған 3 топ қатысты *Әр топ өздеріңе ат қойды *Сайысқа қатысушылар 4 кезең бойынша өз білімдерін сынады.