15
сентябрь
2022
МҰХТАР МҰРАСЫ – ПАРАСАТТЫЛЫҚ БАСТАУЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ .

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағаты» қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай, жазушының парасаттылық пен ізгілікке жетелейтін шығармашылығына арналды. Ғалым Мұхтар Омарханұлы “Ғылым” атты мақаласында: “Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгi, өнеге бiлетiндiгiнен және түзелу, бұзылу жас уақытта болады. … Адамшылықты таза жүргiзу үшiн – көп ой керек, ойлау үшiн оқу керек...» деп оқу, білімді дәріптей отырып, бала тәрбиесіндегі қоғамның алар орнын ерекше атап өткен.
«Адалдық сағатының» ұйымдастырушылары адал еңбек пен рухани адамдық қасиеттерді насихаттау арқылы жемқорлықсыз парасатты қоғам құруға болады деп сенім білдіреді. #адалдықсағаты