Қ.Жұмаділов оқуларының жеңімпазы -Аяулым!!!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жалпы білім беретін ұйымдардың 8-10 сынып оқушылары арасында Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығына арналған «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты алғаш рет аймақтық деңгейде байқау өткізді. Байқау жазушының өмірі мен шығармашылығы, әдебиет әлеміне қосқан рухани мол мұрасын зерттеу, ел арасынан әдебиетке бейім, дарынды жастарды