10
ноябрь
2021
Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күндегі үлкен мәселелерінің бірі болып отыр. Ол үлкен әлеуметтік қасірет болып табылады. Жемқорлық мемлекеттік құрылымды іштей бұзып, еліміздің дамуына, халқымыздың игілігіне барын салуға дайын азаматтардың прогрессивті бастамаларын жоққа шығарады.Сыбайлас жемқорлық бір күнде жойылатын іс емес. Ол еліміздің әр азаматы жұмыла күрескен сәтте ғана нәтижелі болатыны айқын. Мемлекеттің дамуына бармақ басты, көз қыстылықтың тигізер кесірін бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Осы орайда мектебіміздің оқушылардың аталмыш тақырыпқа салған суреттерін назарларыңызға ұсынамыз.