26
октябрь
2021
"тәні саудың-жаны сау"


Спорт-денсаулық кепілі. Спорттың адам өміріндегі алатын орны үлкен. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Ата-бабаларымыз "тәні саудың-жаны сау" деп бекер айтпаған.
№3 Күршім гимназиясы да деннің саулығын бірінші орынға қояды. 24 қараша күні Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында Қазақстанның тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай қолкүрестен облыстық турнир өтті. Мектебімізден Заңғар Тоқановтың ұйымдастыруымен 3-10 сыныптар аралығында спортшыларымыз қатысып жүлделі орындар алды. 3 орын иегері-Құмарғазы Алихан (3 сынып), 2 орын иегерлері-Құмарғазы Алдияр (7 сынып), Нұрбеков Елжас (10 сынып), 1 орын иегерлері- Бауыржанұлы Бекзат (4 сынып), Нұрдаулет Айдын (6 сынып), Қазбеков Төрежан (7 сынып), Жанысқанов Алишер (10 сынып), Қуаныш Мади (10 сынып). Жеңімпаздарды арнайы жүлделермен және грамоталармен мадақтады. З. Тоқанұлының айтуынша жарысқа Шығыс өңірінің қолкүресін, шәкірттерінің спортқа деген икемін дамытып, салауатты өмір салтын насихаттау үшін қатысқан. "Мен шәкірттерімнің жетістіктеріне ризамын, сайыс өте жақсы өтті, кідіріссіз дайындығымызды ақтап алып шықтық деп ойлаймын" дейді тәлімгер.
Гимназия атынан жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз! Спорт әлеміндегі жетістіктеріңіз көбейе берсін! Сіздердің зор табыстарыңыз еліміздің спорт шежіресінде мәңгі сақталсын!
Мақала авторы:Есманова Жанерке 9”А”сынып оқушысы