АТА – АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ » КГУ "Курчумская гимназия №3"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
"№3 Күршім гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 3-17-42
Есепші бөлімі:
+7(72339) 3-17-42
Версия для
слабовидящих
» » АТА – АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
19
ноябрь
2019

АТА – АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

Мектепішілік ата-аналар жиналысы
28.10.2019 жылы мектепішілік ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыста мектеп директорының және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасардың жылдық есебі тыңдалды.
Гүлнар Сабырқызы білім сапасы, педагогикалық құрам, өткен оқу жылының ҰБТ нәтижесі және гимназияға үкімет тарапынан бөлінген қаражаттың жұмсалуы туралы ата-аналармен таныстырып, биылғы оқу жылына төмендегідей міндеттер қойды:
• Жалпы мектеп бойынша білім сапасы 74%-ға көтеру.
• Алтын белгіге үміткер оқушыларымызды қолдау
• ҰБТ көрсеткішін төмендетпеу
• Спорт сыныбының аймақтық, облыс, республика деңгейіндегі жарыстарға шығуларына даярлық жұмыстар атқару
• Дарынды оқушылардың республикалық, халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысу көрсеткішін арттыру
• Мұғалімдердің сапалық құрамын нығайту (1-зерттеуші педагог,5-педагог сарапшы,1-педагог модератор санатына өтуіне өтініш берілді)
• Тәрбие бағытын қатаң назарда ұстау (Бірлескен ата-анамен, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор алдын-алу жұмыстары)
• Асхана жұмысын қадағалау (ас мәзіріндегі дәрумендерге мол тағаммен қамтамасыз ету)
• Жылыту жүйесінің жұмысын үнемі назарда ұстау (18 градусты тұрақты ұстау, қажетті бөлшектерін алып отыру)
• Оқушыларды тасымалдау көлігінің жарамдылығын қадағалау
Күн тәртібіндегі екінші сұрақпен директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нуриманов Ж.С таныстырды.
Жыл көлеміндегі 12 бағытқа негізделген тәрбиелік шаралардың тізбегімен таныстырып, биылғы оқу жылының жоспарына тоқталып өтті. Сонымен қатар, гимназияның ішкі тәртібін еске салды. Ата-аналар жиналысқа оң бағасын беріп, риза болды.

Похожие публикации:

20 ноябрь 2019 ОЖСБ