30 декабрь 2019 0 1 2 3 4 5 Жаңа жылға құттықтау View this post on Instagram Жаңа жыл — қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. «Ескі жыл есірке- демекші доңыз жылы гимазиямыз үшін берекелі жыл болды деп айта аламын. Көптеген игі істер атқарылып, соның оң нәтижесінің куәсі болдық. Атап айтсақ, гимназия «Үздік сауықтыру алаңы», «Үздік ресурс орталығы» марапаттарына ие болды. Бірлік-берекесі айрандай ұйып отырған ұжымымыз екі аудан көлеміндегі семинарды, аудан әкімінің шыршасын жоғары деңгейде өткізді. Мұғалімдеріміздің 10-ы педагог зерттеуші, 8-і педагог сарапшы, 4-і модератор санаттарына өтсе, 39 түлегіміз де жоғарғы оқу орындарына түсіп, 34-і мемлекеттік грантымен білім алуда. Өткен жылдың мақтанышы 12- «Алтын белгі», 8- «Үздік аттестатты» өреңдеріміз туралы әлі талай ауыз толтыра айта аламыз. Оқушыларымыз пәндік олимпиададан, өнер, спортан болған түрлі сайыстарға қатысып, аудан, облыс, республика, халықаралық дәрежеде жетістіктерге жетіп, мерейімізді арттыра түсірді. Бұның барлығы - ұстаз, ата-ана еңбегінің нәтижесі деп білемін. Келер жылда отбасыларыңызға құт-береке, қызметтеріңізге өрлеу тілеймін. Денсаулықтарыңыз күйлі-қуатты, бақыттарыңыз баянды, көңіл-күйлеріңіз тамаша болсын. Алдағы жыл тек оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен, қызықты кездесулерімен қуантсын. Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген жандарға бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық тілеймін. A post shared by 🏳kurchum_gymnasium №3🏳 (@kurchum_gymnasium) on Jan 2, 2020 at 10:06pm PST