Әлеуметтік педагогтың атқарған жұмысы » КГУ "Курчумская гимназия №3"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
"№3 Күршім гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 3-17-42
Есепші бөлімі:
+7(72339) 3-17-42
Версия для
слабовидящих
» » Әлеуметтік педагогтың атқарған жұмысы
26
июль
2023

Әлеуметтік педагогтың атқарған жұмысы

«№3 Күршім гимназиясы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік педагогінің 2022-2023 оқу жылына өзіндік талдауы

2022-2023  оқу жылындағы алдыма қойған  негізгі өзекті мәселе: әр адамның өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында  жеке тұлға мен  қоғам арасында  өзара жақсы қарым –қатынас орнату. Балалардың өмір сүру ортасындағы  туындаған мәселелерді  уақытында анықтау,  олардың себептерін  жою жолдарын қарастыруды  баланың құқығы мен еркіндігіне нұқсан  келтірмейтіндей жағдайда қалыптастыру. 

Менің негізгі   жұмыс істеу бағытым- жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар,  аз қамтылған, көп балалы отбасымен жұмыс. Отбасы мүшелерінің  қызығушылығы мен қажеттілік деңгейін, олардың өзара қарым-қатынасын  зерделеу,   жанұяның қиындық тудыратын, туындап қалу мүмкіндігін  анықтау, әлеуметтік-психологиялық  жағдайларды болжау және болдырмаудың  алдын алу шараларын ұйымдастыру, ерекше қамқорлықты қажет ететін  балаларға және  қамқорлық-қорғаншылықтағы  балаларға ерекше  көңіл бөліп, үнемі назарда ұстау.  Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін  жоспарға сай жұмыс істеп келемін. 

Қыркүйек айының басында сынып жетекшілермен бірлесе отырып, сыныптардағы   жетім, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушылар  анықталды.   

Оқу жылының басында мектептің әлеуметтік төлқұжаты жасалды.  


Мектепте барлығы 1-11 сыныптар аралығында  425 оқушының    179 –ы аз қамтылған, көп балалы отбасы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бірақ белгілі бір отбасында тәрбиеленіп жатқан балалар және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балалары құрайды. 

Әлеуметтік жағдайы

Барлығы

Ұлы

Қызы

Аз қамтылған отбасы балалары

39

23

16

Көп балалы отбасы балалары

115

47

68

Толық емес отбасы балалары

31

11

20

Жетім 

1

1


Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балалары 

28

14

14

Сонымен бірге зорлық-зомбылыққа  неғұрлым бейім  тәуекел тобындағы  балаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді:

1.  Педофилдер отбасында тұратын балалар тізімі: жоқ

 2. Бұрын сотталғандығы бар  отбасы мүшесі бар -  3 бала (3, 9, 10- сынып оқушылары) 

   3. Толық, бірақ қолайсыз отбасында тұратын  балалар :      жоқ   

 Өгей әкелерімен тұратын оқушылар – 3, олардың          ешқайсысы зорлық көріп отырған жоқ.

Ата-апасымен, туысқанымен тұратын   оқушы -4; 

Құқық бұзушылықтың   алдын алу бойынша   мектепішілік  бақылауда тұрған 2 бала.  

Бұл оқушылардың үйіне учаскелік инспектормен барып  тұрғын-жайын   зерттеу актілері жасалды, рейд жүргізілді.  Сонымен қатар сабаққа қатысулары, сабақты себепсіз босатпаулары үнемі қадағаланып отырылды. 

Жыл сайын  дәстүрге айналған  «Мектепке жол» ,  «Қамқорлық»,   «Жүректен жүрекке»  қайырымдылық акциялары  өткізіледі. Адам өміріндегі  ең игі  істерінің бірі- мұқтаж жандарға көмек жасау. Адамдар  бір-біріне  қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы  жақсылық жасайды.  Қамқорлықты қажет ететін  жандарға қол ұшын  беру арқылы   адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.   Акцияның мақсаты-  әлеуметтік көмек алуға  құқығы бар жетім, аз қамтылған, көп балалы , тұрмысы қолайсыз отбасылардың  балаларына әлеуметтік көмек көрсету. Рейдтік шаралар жүргізіп,  оқумен қамтылмай қалған оқушылардың  бар жоғын анықтап, оқуға тарту; түнгі мезгілде  мектеп оқушыларының көшеде, көңіл көтеретін орындарда   жалғыз жүрмеуін қадағалау. 

Айлық аясында көптеген игі істер атқарылды. 2022 жылдық тамыз айында 181 оқушыға мектеп формасы, бастауыш сыныптың  аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан   оқушыларына оқу құралдары,  ақ жейде, күздік куртка  9-сынып оқушыларына спорттық киім, қыстық етік,   1-сынып оқушысына сарафан берілді. Сонымен бірге  2 оқушының арман хаттары орындалды. 6- сынып оқушысына   үлкен  алмазды мозайка, 2 –сынып оқушысына  футбол добын демеушілер табыс етті. 

Жетім, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан 179  оқушының 81 -і Жалпыға бірдей міндетті  білім қорынан бөлінген  қаржыға тегін ыстық тамақ ішетін  оқушылардың тізімі № 64  қаулы басшылыққа алынып  жасалды.   Тегін ыстық тамақпен  қамтамасыз етілетін оқушылардың   өтініштері мен қажетті құжаттары  жинақталып, тізім бекітілді.  ІІ тоқсаннан бастап екі оқушының басқа мектепке ауысуына байланысты 79 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. 

Тамақтану 2 ауысымда   екінші  сабақтан кейінгі үзілісте  жүзеге асырылды.

 Жалпыға бірдей міндетті  білім қорынан бөлінген  қаржыға тегін ыстық тамақ ішетін  оқушылардың    келмеген күндерінің себебі анықталып, АКТ жасалып отырылды. Және сабақтан себепсіз 2-3 күн қалған әлеуметтік мәртебеге ие оқушылармен үнемі жұмыс жүргізілді.  

Мектепте  бір жетім оқушы болған. Ол оқушы Ю.Гагарин атында №1 орта мектебіне (15 қараша № 39 бұйрық) ауысуына байланысты  мектебімізде ата- ана қамқорынсыз қалған оқушы жоқ. 

Шалғайдағы  ауылды елді мекендерде   тұратын балаларды  жалпы білім беру ұйымдарына және кейін  үйлеріне тегін тасымалдауды ұйымдастыру  ҚР Білім және Ғылым министірінің  24 сәуірдегі   №158 бұйрығының 9- қосымшасына сәйкес ұйымдастырылып отыр.  Бұл бұйрықты басшылыққа ала отырып,  қыркүйек айында «Оқушыларды  тасымалдау бойынша  жауапты тұлғаларды  бекіту ( № 45/2 бұйрық) және қатынап оқитын оқушылар тізімі (№44/1 бұйрық) бұйрықпен бекітілді.  № 3 Күршім гимназиясында   Мальковое шағын ауданында тұрып қатынап оқитын 4 бала бар. 3-уі 7-сыныпта және 1-уі   5 –сыныпта оқиды. Барлығы І ауысым оқушылары, кестеге сай тегін тасымалданды.   

Қыркүйек айында мектеп кітапханашысының көмегімен  әлеуметтік   қамқорлықтағы оқушылар толығымен оқулықпен қамтамасыз етілді. Кітап алмаған оқушы жоқ. 

Ерекше қамқорлықты қажет ететін, аз қамтылған, көп балалы отбасы  балалары ШҚО облысы Катон –қарағай өңірінде орналасқан «Арайлы Шығыс» сауықтыру лагеріне, «Балдәурен» республикалық оқу -сауықтыру орталығына барып демалып келді.  Сарыөлең ауылындағы «Балдырған»  сауықтыру лагерьлеріне   де аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан оқушылар   тартылып отыр.  Мектеп жанынан құрылған  «Балауса»  жазғы сауықтыру лагерінде  аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан 40 оқушы 10 күн демалды. 

«Арайлы Шығыс» лагеріне барып демалған оқушылар: 

Оқушының аты-жөні

Сыныбы 

Әлеуметтік статусы 

1

Ахметова Аяулым

Толық емес

2

Юсиф Назлы

Көп балалы

3

Тоқтауова Айзат

Аз қамтылған 

4

Мухаметжанова Аялы

Аз қамтылған

5

Құрманбекқызы Жаннұрым

Аз қамтылған, көп балалы

«Балдаурен» республикалық   оқу- сауықтыру орталығына  көп балалы, аз қамтылған  7б сынып оқушысы Эрикова Риза барып демалып келді.  

Президент және облыс әкімі атынан  өтетін жаңа жылдық мерекеге сынып жетекшілердің тарапынан 9 – 13 жас аралығындағы 8 оқушы ұсынылып, Қамқоршылық кеңесінің шешімімен  3А  сынып оқушысы Сымбатова Сезім  Сымбатқызы іріктелді.  Өскемен қаласында өткен   жаңа жылдық шараға қатысып келді.  Аудандық жаңа жылдық шыршаға   16    оқушы ұсынылып,   6 оқушы 28 желтоқсанда өткен аудандық жаңа жылдық шыршаға қатысып кулектарын алды. 15  оқушыға    қосымша кулектар берілді. Оның 5 не аудандық мешіт тарапынан, 10  оқушыға Метценат Молдаханов Ермахан аға кулек берді. 

Өткен оқу жылын зерделей келе жаңа 2023-2024  оқу жылына мақсаттар мен міндеттер  қойылды. 







Похожие публикации: