«Жүректен жүрекке» акциясының есебі 2022-2023 оқу жылы
«Жүректен жүрекке» акциясының есебі
2022-2023 оқу жылы
Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей, кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу - әрбір адамның азаматтық парызы.
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
Жылдағы дәстүр бойынша «Жүректен жүрекке» облыстық қайырымдылық акциясы жоспарға сай ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету.
Осы шара аясында демеушілер 2 «Б» және 6 «Б» сыныптарында оқитын екі оқушының арман хаттарындағы армандарын орындады. Осы шаралар аясында төмендегідей көмек көрсетілді.

