“Әжемнің ертегісі” жобасы » КГУ "Курчумская гимназия №3"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
"№3 Күршім гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 3-17-42
Есепші бөлімі:
+7(72339) 3-17-42
Версия для
слабовидящих
» » » “Әжемнің ертегісі” жобасы
03
апрель
2023

“Әжемнің ертегісі” жобасы

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің құралы әдебиет, оның ішінде көркем әдебиеттің көне жанры – ертегі.
Ертегінің көркем де жеңіл тілі баланың қиялына қанат бітіріп, арманын асқақтатып, еңбексүйгіштікке, адалдыққа, батылдыққа тәрбиелейді.
Сол себепті мектепке дайындық тобындағы балаларға ертегі оқу арқылы сөйлеуге, өз ойларын әдемі жеткізіп баяндауға, тыңдағанын есте сақтап, мазмұндап айтуды үйретуге үлес қосу үшін мектеп кітапханашысы А.Тантакова “Әжемнің ертегісі” жобасын қолға алған болатын. Осы жоба аясында ақпарат орталығы-кітапханаға мектебіміздің ардақты да аяулы әжесі Рабиға әже қонаққа келіп, кішкентай бүлдіршіндерге ертегі айтып берді.
Балалардың білуге құмарлығы зор. Олар құбылтып айтқан ертегі, әңгімені сүйсіне тыңдады.
Ертегі оқудың мақсаты: балалардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға, ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетіне қорытынды жасай отырып, балаларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу. Балалардың дүниетанымын байыту, қоғамдық өмір туралы ұғымдарын кеңейту, эстетикалық сезімдерін ояту .

Похожие публикации: